Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, еліміздің білім беру саласының дамуына өз үлесін қосқан көрнекті өкілі, мемлекеттік сыйлықт
2026 жылдың 19 қаңтар күні мектебімізде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, еліміздің білім беру саласының дамуына өз үлесін қосқан көрнекті өкілі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен кәсіби деңгейде кездесу өтті. Кездесуге мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты.
Кездесу барысында мектеп мұғалімдері «Білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде арттыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы ақпараттармен бөлісті.
Мектепте жүргізілетін пилоттық жобаның құндылықтары мен ұстанымдары бойынша кәсіби сұхбат болды. Оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалімнің шеберлігі туралы, кәсіби құзыреттілікті дамытуда топтасып, ақылдасу сабақтарын өткізіп, бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығы туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Мектебімізде осы пилоттық жоба аясында зерттеу топтары жұмыс жүргізеді. Әрбір зерттеу топтарына модераторлар тағайындалып, зерттеудің жоғары деңгейде жүргізілуі үшін кешенді жұмыс жоспары жасалды.
Ұстаздар қауымы үшін бұл кездесу кәсіби тұрғыдан үлкен мотивация беріп, педагогикалық шеберлікті арттыруға зор ықпал етті.
Асқарбек Қабыкенұлына өз ризашылығымызды білдіреміз!