Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «STEМ-білім беруде ЖИ қолдану» тақырыбындағы республикалық семинар- практикумы өткізілді.
16
октябрь
2025

«STEМ-білім беруде ЖИ қолдану» тақырыбындағы республикалық семинар- практикумы өткізілді.

Алматы қаласы Бостандық ауданы №88 жалпы білім беретін мектеп 16.10.2025ж. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бөлімі қолдауымен №88 жалпы білім беретін мектепте «STEМ-білім беруде ЖИ қолдану» тақырыбындағы республикалық семинар- практикумы өткізілді. Осыған орай семинарға Семей қаласы №11 жббм қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибраймова А.Ш, Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия биология пәні мұғалім, ПШО тренері Берниязова М.К, Жетісу облысы, Алматы облысы және Алматы қаласының әр ауданынан жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics)-білім беруде жасанды интеллект (ЖИ) қолданудың теориялық негіздерін қарастыру, практикалық мүмкіндіктерін талдау және олардың оқыту үдерісіне әсерін анықтау арқылы білім беру сапасын арттыру жолдарын ұсыну. Семинарға қатысушылар ЖИ педагогикалық қызметте тиімді пайдалану жолдарын талқылады, ЖИ көмегімен сабақ жоспарларын құрудың әдістерін үйренді және семинардың өтілуін қорытындылап кері байланыс берілді.