Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру және агитациялық жұмыс жүргізді
22
сентябрь
2025

11-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру және агитациялық жұмыс жүргізді

22 қыркүйек күні мектепте кәсіптік бағдар беруші Айдаркулова Г.К 10-11сынып оқушыларына мамандықтар туралы,оның маңызы, қолданыста болуы т.б мәліметтер берді және Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT UNIVERSITY өкілдері мектептің 11-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру және агитациялық жұмыс жүргізді. Кездесу барысында университет мамандары оқу орнының тарихы, мамандықтар бағыты, білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктері мен студенттік өмірі туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, түлектерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріліп, оқу орнына түсу шарттары түсіндірілді.