Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Кәсіптік бағдар беруші - оқушының отбасы, пән мұғалімдері, психолог және мектеп әкімшілігі арасындағы орталық тірегі”
08
сентябрь
2025

“Кәсіптік бағдар беруші - оқушының отбасы, пән мұғалімдері, психолог және мектеп әкімшілігі арасындағы орталық тірегі”

“Кәсіптік бағдар беруші - оқушының отбасы, пән мұғалімдері, психолог және мектеп әкімшілігі арасындағы орталық тірегі”

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Алматы қаласы бойынша Алатау ауданында Оқушылардың Инновациялық шығармашылық орталығында педагог – кәсіби бағдар берушілермен (профориентаторлармен) кездесу өтті.

Бұл жиынға №88 жалпы білім беретін мектептің педагог кәсіптік бағдар берушісі Айдаркулова Гулмира қатысты.

 Семинардың мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру, педагогтардың тәжірибесін арттыру және жаңа әдіс-тәсілдерді талқылау.

 Семинар барысында:

Кәсіби бағыт-бағдар беру жайында спикер сөз сөйлеп, өзіндік тәжірибесімен бөлісті;

Өзекті тақырыптар қозғалып, жаңа ұсыныстар қарастырылды;

Қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауап алаңына белсене қатысты;

Педагогтар кәсіби бағдар берудің тиімді жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты.

 Бұл кездесу педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына жол сілтеуде маңызды рөл атқарады.