07
апрель
2024
Біз біргеміз!!
Құрметті әріптестер!
Ата-аналар!
Елімізде су тасқынына байланысты қиын жағдай орын алды.Мемлекет үшін ең бастысы - адамдардың қауіпсіздігі. Жұмысты үйлестіруде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қажетті қолдау көрсетуге басымдық берілуде, оның ішінде: эвакуациялау; уақытша тұратын орын-жаймен қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсету; азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу; психологиялық көмек көрсету.