Приемная
+7(727) 299-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 269-72-07
Версия для
слабовидящих
11
август
2022

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Құрметті ата-аналар! 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде «Мектепке жол» республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) өтіп жатқандығын хабарлаймыз!
Акция барысында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетіледі. Толық ақпаратты мектеп әкімшілігі мен мектептің ақпараттық бұрышынан және мектеп сайтынан біле аласыздар!