Приемная
+7(727) 299-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 269-72-07
Версия для
слабовидящих
26
июль
2022

Мектепке жол

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде «Мектепке жол» республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) өткізілуде. Мақсаты:780 балалардың құқықтарын қорғауды және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
Акцияның ұраны: Мектепке жол - Шексіз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке барар жолы қуанышқа толы болуы үшін әрбір балаға көңіл бөле алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке баруына жол бермеу.