Приемная
+7(727) 299-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 269-72-07
Версия для
слабовидящих
01
август
2023

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Акцияның ұраны: "Жақсылық жаса"
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке барар жолы қуанышқа толы болуы үшін әрбір балаға көңіл бөле алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке баруына жол бермеу.