Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-сынып оқушыларымен «Жақсы маман боламын!» тақырыбында кәсіптік бағыт-бағдар беру сабағы өткізілді.
24
февраль
2026

5-сынып оқушыларымен «Жақсы маман боламын!» тақырыбында кәсіптік бағыт-бағдар беру сабағы өткізілді.

Бүгін 5-сынып оқушыларымен «Жақсы маман боламын!» тақырыбында кәсіптік бағыт-бағдар беру сабағы өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар:
 Әртүрлі мамандықтар әлемімен танысты;
 Әр мамандықтың қоғамдағы рөлін талқылады;
 Өздерінің болашақ армандары мен мақсаттары туралы ой бөлісті;
 «Мен болашақта кім боламын?» деген сұраққа жауап іздеді.

Балалар белсенді қатысып, өз қиялдарын еркін жеткізе білді. Әрқайсысы болашақта білікті, жауапты, қоғамға пайдасы тиетін маман болуға уәде берді 

Ең бастысы — мамандық таңдау ерте жастан басталатынын түсініп, өз қызығушылықтарын анықтауға алғашқы қадам жасады.