24
ноябрь
2025
10–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша сабақ өткізілді.
Бүгін 10–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы ақпарат алып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, болашаққа бағыт алды.
Оқушылар еңбек нарығындағы өзекті мамандықтармен танысып, мамандық таңдау кезінде нені ескеру керектігін талқылады.
Әрқайсысы өзін қызықтырған сала бойынша сұрақ қойып, нақты кеңестер алды.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға үлкен ықпал етеді.
Болашақ – дұрыс таңдаудан басталады!



