Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№88 ЖББМ 27.01.2023ж "Жаратылыстану әлемі" атты интеллектуалды сайыс өтті
27
январь
2023
№88 ЖББМ 27.01.2023ж "Жаратылыстану әлемі" атты интеллектуалды сайыс
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекеттерін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Әр кезеңде дұрыс жауап берген топтың оқушыларына жұлдызшалар берілді. Сайыс соңында әр топтың жинаған жұлдызшалары саналды, көп жұлдызша жинаған топтар сайыстың жеңімпаздары атанды. Сайыстың соңы қызықты практикалық жұмыстармен жалғасты. Пән мұғалімдері Ибраим Б.С; Қопабаева Р.О;
Ашық сабақ
26
январь
2023
Ашық сабақ
26.01.2023ж. 9А сыныбымен алгебра пәнінен “Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қолдану”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар тригонгметриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді, негізгі тригонометрия формулаларын есептер шығаруда қолдануды үйренді. Алгебра пәніне қызығушылықтарын, ізденгіштіктерін таныта білді.  
Ашық сабақ
26
январь
2023
Ашық сабақ
26.01.23ж №88 ЖББМ- 10 «Ә» сынып оқушыларымен физика пәнінен «Электр өрісі. Кулон заңы. Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Оқушылар электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолданды. Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданып сабақта жоғары белсенділік көрсетті.  
"Дабыл чемоданы" және  «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қауіп төнген кездегі халықтың әрекеті»
26
январь
2023
"Дабыл чемоданы" және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
№ 88 Жалпы білім беретін мектепте оқушылармен,мектеп ұжымымен "Дабыл чемоданы" және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қауіп төнген кездегі халықтың әрекеті» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: төтенше жағдай кезінде яғни жер сілкінісі, су тасқыны, өрт болған жағдайда дабыл чемоданының қажеттілігі мен оның ішінде қажетті заттарды таныстыру. Дабыл чемоданы - төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттар жинағы.  
"Робототехника туралы түсінік" тақырыбымен сайыс сабақ
25
январь
2023
"Робототехника туралы түсінік" тақырыбымен сайыс сабақ
25.01.2023ж 8"а,ә" сынып оқушыларымен "Робототехника туралы түсінік" тақырыбымен сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты: Робототехника курсын үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру. Міндеттері: Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту; Күтілетін нәтиже: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;  
Ашық сабақ
25
январь
2023
Ашық сабақ
25.01 88 ЖББМ -тің 6 “ә” сыныбында математика пәнінен “Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар жаңа ақпарат алып ,модульдың анықтамасын есептер шығаруда қолдана алатындығын және ұйымшылдықтарын көрсетті. Пән мұғалімі Сағымбаева Г.Б.  
Ашық сабақ
24
январь
2023
Ашық сабақ
24.0188 ЖББМ -тің 7 “ә” сыныбында геометрия пәнінен “Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарын есептер шығаруда қолдану арқылы логиканы дамыту мақсатты сабақта жоғары білім деңгейлерін көрсетті.  
23.01.2023ж "XXI ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры" атты жаратылыстану-математика пәндері апталығының ашылуы өтті.
23
январь
2023
23.01.2023ж "XXI ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры" атты
Апталықтың мақматы: оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті, жаңашылдыққа ұмтылу, білім алу үшін өз бетінше іздену қасиеттерін тәрбиелеу. Білімнің кілті-барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде екенін сезіндіру  
Мектепке жол
26
июль
2022
Мектепке жол
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 5 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде «Мектепке жол» республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) өткізілуде. Мақсаты:780 балалардың құқықтарын қорғауды және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету Акцияның ұраны: Мектепке жол - Шексіз жақсылық. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуде азаматтық
Әбілхан Қастеев музейінде өткен "Менің Қазақстаным" атты фотокөрмеге 7 "ә" сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қатысты.
22
июль
2022
Әбілхан Қастеев музейінде өткен "Менің Қазақстаным" атты фотокөрмеге
Фотокөрме белгілі режиссер, әрі кинооператор И.А. Вовнянконың 80 жылдығына (14.07.2022ж) арналған. Көрмеге қатысқан аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов және басқа киноактерлермен жүздесудің сәті түсті. Көрме оқушыларымызға шығармашылық шабыт сыйлайды. Музей қызметкерлеріне көп рахмет айтамыз.