Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы күніне арналған спорттық флэш-моб
20
октябрь
2023
Қазақстан Республикасы күніне арналған спорттық флэш-моб
  Қазақстан Республикасы күніне арналған спорттық флэш-моб 3"ә"-4 сыныптармен өткізілді. Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахмедова Роза Адилхановна
"Қарттарым аман-сау жүрсін"
18
октябрь
2023
"Қарттарым аман-сау жүрсін"
  Қазан айы қарттар мерекесі, осы қарсаңда "Қарттарым аман-сау жүрсін" тақырыбында 6"а" сыныбында кездесу кеші өткізілді. Мақсаты жас жеткіншіктердің бойына үлкенді сыйлауға,халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға ,инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Кездесуге сынып оқушыларының ата-әжесі Қазыбаева Тілеу апай және  Сүлейменов Оралбек ата шақырылды. Кездесу кешінің  әдістері:кездесу,сухбат,әңгімелеу,өлең оқу .
X «Ақберен» республикалық өнер байқауы
17
октябрь
2023
X «Ақберен» республикалық өнер байқауы
2023 жылдың 17-қазанында мектебімізде X «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептері бойынша 42 өтінім түсіп, оқушылар 6 номинация бойынша тартысқа түсті. Байқау нәтижесі бойынша 1-орын алған 6 оқушы қалалық кезеңге өтті. Соның ішінде мектебіміздің мақтанышы 9 сынып оқушысы Дүйсенбай Медина 1 орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Темирбекова Шынар          
"Құтқарушылар күніне" орай өткен аудандық жарыс
16
октябрь
2023
"Құтқарушылар күніне" орай өткен аудандық жарыс
2023 жылдың 16-қазанында "Құтқарушылар күніне" орай ұйымдастырылған аудандық жарысқа 10 сынып ұлдары қатысты. Мектебіміздің оқушылары өрт кезінде өрттің сөндіру шаралары бойынша бірнеше жарыс түрлері бойынша бой көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ-орынға ие болған оқушыларымыз мадақтамамен марапатталып, кубокқа ие болды. Жетекшісі: Б.Курбанбаев  
"Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері" тақырыбында дәріс
13
октябрь
2023
"Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері" тақырыбында дәріс
  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Ибраим және мектеп психологы М.Б. Даукешова 5-6 сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері" тақырыбында дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстару. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Қалалық джию джисту жарысынан 1 орын
03
октябрь
2023
Қалалық джию джисту жарысынан 1 орын
 3"Ә" сынып оқушысы Берік Али Сұлтан қалалық джию джитсу жарысынан 1 орынды иеленді.
11.09.2023ж өткізілген жоспардан тыс жалпықалалық сейсможаттығу
11
сентябрь
2023
11.09.2023ж өткізілген жоспардан тыс жалпықалалық сейсможаттығу
2023 жылдың 11-қыркүйегінде №88 ЖББМ  сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында мектеп қызметкерлері мен оқушылар қауіпсіз орынға шығарылды, қауіпсіздік ережелері ,дабыл чемоданы туралы мәліметтер берілді.