Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналарға онлайн және оффлайн форматта әңгімелер өткізілді.
02
ноябрь
2023
Ата-аналарға онлайн және оффлайн форматта әңгімелер өткізілді.
  Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы туралы түсініктеме берілді. Ата-аналарға онлайн және оффлайн форматта әңгімелер өткізілді. "Позитивті ата-ана болудың ережелері" туралы слайд көрсетілді, лекция ұйымдастырылды.
"Гүлдене бер, менің Қазақстаным!"
25
октябрь
2023
"Гүлдене бер, менің Қазақстаным!"
   Республика күніне арналған "Гүлдене бер, менің Қазақстаным!"атты мерекелік салтанатты кеш. Республика күнімен құттықтаймыз!!!1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтқан болатын.
"Қыран елім-Қазақстаным" қалалық байқауы
24
октябрь
2023
"Қыран елім-Қазақстаным" қалалық байқауы
    2023 жылдың 24-қазан күні Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен "Қыран елім-Қазақстаным" мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңінде 1-ОРЫН, қалалық кезеңінде "Үздік образ" номинациясы бойынша Ахметжан Амани марапатталды. Жетекшісі:Карагулова Светлана.  
"Қалың елім-Қазақстаным" атты мәнерлеп оқу байқауы
24
октябрь
2023
"Қалың елім-Қазақстаным" атты мәнерлеп оқу байқауы
  Жалпыреспубликалық патриоттық акция аясында "Қалың елім-Қазақстаным" атты мәнерлеп оқу байқауында үздік атанған Ахметжан Амани «Қыран елім-Қазақстаным” мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңінде 5а сынып оқушысы Ахметжан Амани “Үздік образ” номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Карагулова Света. Құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасы күніне арналған жаппай Гимн орындау.
24
октябрь
2023
Қазақстан Республикасы күніне арналған жаппай Гимн орындау.
     Қазақста н Республикасы күніне арналған жаппай Гимн орындау.
88 мектеп оқушылары "Шалқар" радиосында
23
октябрь
2023
88 мектеп оқушылары "Шалқар" радиосында
  23.10.2023ж. 19.00-де “Шалқар” радиосы “Жанартау” хабарында 10 сынып оқушысы Құрманбай Кәлима, 11 сынып оқушылары Бекбосынова Ақжан, Хомутцов Василий тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында біздің оқушылар өздерінің білімді екендерін көрсетіп, радио тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленді!
"Атамекен" қалалық патриоттық диктанты
23
октябрь
2023
"Атамекен" қалалық патриоттық диктанты
      2023 жылдың 23 қазанында сағат 10:00-де мектебімізде Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында "Атамекен" тақырыбында патриоттық диктант өтті.     Мақсаты: Мемлекеттік ұлттық құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Отанын, туған елін, жерін сүйетін, патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.      
Тазалықты сақтау басты міндет!!!
21
октябрь
2023
Тазалықты сақтау басты міндет!!!
  Жалпы қалалық тазалық күнінде №88 ЖББМ ұжымы шет қалмады. Оқушыларға тазалықты сақтауға үгіттейтін үлгі көрсете білді!