Толеранттылық туралы сынып сағаттары 5-11 сыныптар
Толеранттылық қай кезде де ізгілікті іс ретінде саналған. Ол-рухани бірлікке апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің болуына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады.Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Осы бағытта 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.