"Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ең үздік сайлау жүйесі" атты аудандық конкурсына қатысқан мектеп парламентінің мүшелері Ербол Мария, Тыныбек Мадина, Тұрлан Әмина " Алғыс хатпен" марапатталды.
“Тіл сақш ылары” аясында 5-сыныптар оқушыларымен “Тіл білгірі” сайыс сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген құрметі мен өз тіліне деген қызығушылығын арттыру.
“Тіл сақшылары” жобасы аясында 88 ЖББМ оқушыларымен халқымыздың тәрбие құралының бірі -тыйым сөздерге тоқталды. Бұл тыйым сөздер балаларды жат пиғыл,орынсыз қылық, жаман әдеттен сақтандырған.
Б. Момышұлының “Ұшқан ұя” повесі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелейтін туынды. Автор тәрбие бастауы тал бесікте екеніне көңіл бөледі. Оны өз өміріне қатысты оқиғалардан көрсете біледі. Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” повесі 1976 ж. Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ұлы Жеңістің мұрагерлері" атты халықаралық жоба аясында мектеп оқушылары батыр қолбасшылар мен тыл еңбекшілерінің жан аямас ерлігіне бас иеді. 8" А" сынып оқушылары, жетекшісі: Жукенрва Қ. С.
«Блокадалық нан» акциясы — бұл қайғылы оқиғаларды еске алу ғана емес, сонымен қатар Ленинград тұрғындары мен қорғаушыларының керемет рух күшін еске салу. Олардың ерлігі мен блокада жағдайындағы төзімділігі — бәрімізге үлгі.