Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жуырда біздің мектептің оқушылары «Күзгі жәрмеңке» шарасын өткізді.
18
декабрь
2025

«Жуырда біздің мектептің оқушылары «Күзгі жәрмеңке» шарасын өткізді.

Бүгін Жаңа жыл мерекесіне орай Алматы қаласының №88 мектеп өкілдері мен оқушылары Педиатрия орталығында ем алып жатқан балаларға сыйлықтар әкеліп таратты. 

Ойыншықтар әр бөлімнің балалар ойнайтын бөлмелеріне берілді. 

«Жуырда біздің мектептің оқушылары «Күзгі жәрмеңке» шарасын өткізді. Әр сынып өз қолдарымен түрлі тағамдар мен тәттілер дайындап, жәрмеңкеде сатты. Оқушылардың ұйымшылдығы, белсенділігі мен еңбегі олардың қайырымдылыққа деген шынайы ниетін көрсетті. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа 7 ә және 9 ә сыныбы оқушылары осы Орталықта ем алып жатқан балаларға Жаңа жылға орай сыйлық алып, міне бүгін тартуларын жасап отырмыз», деді №88 мектептің ұстазы Назгүл Бағыбаева.

Педиатрия орталығы іс-шараға атсалысқан барлық оқушыларға, сынып жетекшілеріне және ата-аналарға үлкен алғысын білдіреді. Бірлігі жарасқан ортада жасалған әр игі іс – болашаққа бағытталған қадам. Бұл қайырымдылық шара балалардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, мейірім мен қамқорлықтың құндылығын сезіндірері сөзсіз деп білеміз.