Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2025

Ақпарат/ата-аналарға

“Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау, мектепішілік іс-шараларға байланысты талаптар

‼️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼️ 
📅 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:

🚫 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔸 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинауға; 
🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға; 
🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге; 
🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыруға; 
🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге.

🔸 4-сынып оқушылары үшін салтанатты шаралар өткізуге жол берілмейді.

  Білім беру ұйымдарында аталған өрескелдіктер орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес    қатаң шаралар қолданылатынын қаперлеріңізге саламыз.

✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады; 
✔️ Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз; 
✔️ Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық
📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін тәрбиелік маңызы жоғары қауіпсіз орта қалыптастыру. 
📌 Екі жақты талаптарды бірлесе орындай отырып, өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта құру.