17
ноябрь
2025
5 «А» сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік сабағы» сынып сағаты өтілді.
№88 жалпы білім беретін мектепте 5 «А» сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік сабағы» сынып сағаты өтілді.
📌 Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды күнделікті өмірде, мектепте, көшеде және интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету; өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
📚 Сабақ барысында оқушылар:
* қауіпсіздік ережелеріне байланысты өз ойларын жеткізді;
* «Қауіп бар жерде – сақтық бар» тақырыбында пікірталас жүргізді;
* тұрмыстық, жолда жүру және интернет қауіпсіздігі жөніндегі қысқаша көріністер көрсетті;
* «Қауіпсіздік – әркімге міндет» мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер айтып, өз ойларымен бөлісті.


