15
сентябрь
2025
5-сынып оқушыларымен «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» атты тәрбие сағаты өтті.
№88 жалпы білім беретін мектепте 5-сынып оқушыларымен «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» атты тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адал еңбектің маңызын түсінуге, еңбекқорлық маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Еңбектің адам өміріндегі құндылық екенін ұғындыру.
Сабақ барысында оқушылар:
• постер және кластер құрып, өз ойларын шығармашылықпен жеткізді;
• «Жалқау мен еңбекқор» негізінде пікір жүргізді;
• мақал-мәтелдер айтып, адал еңбектің адамдықтың басты белгісі екенін дәлелдеді.
Тәрбие сағаты балаларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейтін тағылымды сабақ болды.
