«Сенімділік – сәттіліктің кепілі тақырыбында сабағы өтіліп
«Сенімділік – сәттіліктің кепілі тақырыбында сабағы өтіліп оқушылардың күйзеліске төзімділігін қалыптастыру және өз эмоцияларын басқару дағдыларын дамыту мақсат етілді. Сабақ барысында оқушылар түрлі жаттығулар мен топтық жұмыстар арқылы бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауды, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйренді. Сонымен қатар өз қабілеттерін бағалап, бір-біріне қолдау көрсету арқылы коммуникативті құзыреттіліктерін дамытты.