«Талапқа талғам таразы» аясында 8-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар
«Талапқа талғам таразы» аясында 8-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар грант түрлері, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпараттар тізімімен танысты. Мақсат – оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру, білімге деген қызығушылығын арттыру және саналы шешім қабылдауға көмектесу. Мұндай кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқушылардың өз қабілеттерін танып, болашаққа нақты жоспар құруына ықпал етеді.