Приемная
+7(727) 299-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 269-72-07
Версия для
слабовидящих
23
июль
2022

"Ұлттық ойындар қобдишасы - 2022"

22.07.2022ж. Балалар жылы аясында Бостандық ауданы мектептері және Орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен бірлесе "Ұлттық ойындар қобдишасы - 2022" атты іс-шара аудан оқушыларының жазғы каникул кезінде бос уақытын пайдалы ұйымдастыруға арналды. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы оқушыларға спорттық көңіл-күй мерекесі сыйланды. Бағдарламада кітапханаға экскурсия жасап, балалар әдебиеті таныстырылды және тоғызқұмалақ ойыны, асық ату, арқан тарту сайыстары қызықты, көңілді жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атаулы іс-шараға аудандық Оқушылар үйінің домбырашылары, бишілер ансамблі өз өнерлерін тарту етті.