Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 269-72-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2021

"Махаббатқы толы ғұмыр"

12-ші ақпанда мектеп бойынша жалпы Республикалық біріңғай сабақ Сара Алпысқызының 80 жылдығы құрметіне "Махаббатқа толы ғұмыр" тақырыбында өтті. Сабақта Сара Алпысқызының Республикалық "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және "Өзіңді-өзің таны" атты балаларға рухани, адамгершілік білім беру және тәрбие идеясының авторы екендігі айтылды. "Негізінде жүрегі үлкен қайырымдылыққа ие адам керемет". Осы өмірлік маңызы бар сөздер Сара Алпысқызына арналғандай. Сүйіспеншілік - тіршіліктің тірегі ғана емес, мәні мен сәні екендігі даусыз. Тіпті, әлемдегі текетіресті жеңетін де осы сүйіспеншілік. Балаңыздың, отбасыңыз бен ортаңыздың ыстық ықыласына бөлеудің де ең төте жолы осы сүйіспеншілік. Сондықтан сүйіспеншілікті өз өмірінің ұстанымына айналдырған жандардың шын бақытты екендіктеріне еш күмән жоқ.