Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 269-72-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2020

Тақырыбы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы

 Хаттама №3

КММ №88 жалпы білім беретін мектептің қамқоршылық кеңесінің отырысы

 

Өткізілген уақыты: 25.12.2019ж.сағат 11.00

Өткізілген орны: №3  информатика   кабинеті

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері

 

 

Күн тәртібінде:

  1. «Жалпыға міндетті оқуға қамту» қорының жұмсалуы, аз қамтылған көпбалалы отбасы балаларына көмек   туралы.
  2. Жылдық қорытынды есеп

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша  Қамқоршылық  кеңестің төрайымы С.АНұрбопаева   Жыл басынан бері мектеп бойынша қыркүйек айында аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары анықталып, «Жалпыға міндетті оқу» қорынан  65 оқушы, арендатор есебінен    8 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді Оның ішінде (№1 облыстық балалар үйі тәрбиеленушілері-32 оқушы) №1 облыстық балалар үйі басшысының сұраныс хатына байланысты ыстық тамақпен 1-10 сынып тәрбиеленушілеріне шешім шығарылған болатын.Жыл басынан бері  мектепке  мемлекеттік ұйымдардан демеушілік көмек болған жоқ. Шырша мерекесіне Қалалық  Әкім шыршасына Білім басқармасына (3 оқушы), аудан  Әкімі шыршасына аудандық білім бөліміне (11 оқушы ) сыйлығына  әлеуметтік аз қамтылған  және көп балалы отбасы балаларынан  ұсынылды. Мектептен  барлығы 14 оқушы қатысты. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты. Мектеп бойынша өткен қамқоршылық кеңестің  қоғамдық тыңдалым отырыстарына түгел қатысып отырдық.

2-ші мәселе бойынша   қамқоршылық кеңес  мүшелері  мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына араласып, мереке кезінде кезекшілік атқарды,  микроучастокке рейд ұйымдаструға араласты. Аудандық  Қамқоршылық кеңес мұшелеріне өткізілген  жиналысына  мектеп әкімшілігімен бірге қатыстық, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқу-тәрбие процесінің жетістіктері, спорт жетістіктері, аз қамтылған отбасы балаларына берілетін көмек жөнінде және бала тәрбиесіндегі ата-ана міндеттері туралы айтылды.  Ата-аналар жиналысына, мерекелік іс-шараларға атсалысуда, әлеуметтік аз қамтылған отбасы ата-аналарымен сөйлесіп кеңес беруде көмектерін аянған жоқ   және  алдағы уақытта жұмыстарды жалғастыру туралы  айтты.

 

 

Қаулы:

  1. «Жалпыға міндетті оқуға қамту» қорының көмегін аз қамтылған көп балалы отбасыларға беруді    жалғастыру.
  2.   Мектептің оқу-тәрбие процесінде  ата-ананың  бірлестігін  күшейту.

 

Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы:           Нурбопаева С.А.                       

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы:              Бағыбаева Н.М.