2–6 сынып оқушылары «Азаматтық қорғаныс күні» аясында өткен
2–6 сынып оқушылары «Азаматтық қорғаныс күні» аясында өткен іс-шараларға белсене қатысты. Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларға төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін, алғашқы көмек көрсетуді және қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар осы тақырыпта суреттер салып, өз ойлары мен түсініктерін шығармашылық арқылы жеткізді. Балалардың жұмыстарында адамдарды қауіп-қатерден қорғайтын, қиын жағдайда көмекке келетін батыл құтқарушылар бейнеленді. Суреттер әсерлі, мазмұнды