Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2–6 сынып оқушылары «Азаматтық қорғаныс күні» аясында өткен іс-шараларға белсене қатысты.
17
март
2026

2–6 сынып оқушылары «Азаматтық қорғаныс күні» аясында өткен іс-шараларға белсене қатысты.

2–6 сынып оқушылары «Азаматтық қорғаныс күні» аясында өткен іс-шараларға белсене қатысты.

Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларға төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін, алғашқы көмек көрсетуді және қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Сонымен қатар, оқушылар осы тақырыпта суреттер салып, өз ойлары мен түсініктерін шығармашылық арқылы жеткізді.

Балалардың жұмыстарында адамдарды қауіп-қатерден қорғайтын, қиын жағдайда көмекке келетін батыл құтқарушылар бейнеленді. Суреттер әсерлі, мазмұнды болып, азаматтық қорғаныс маңыздылығын айқын көрсетті.

Бұл іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға бағытталды.