Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Абылай хан» тақырыбында ашық сабақ өтті
19
февраль
2026

3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Абылай хан» тақырыбында ашық сабақ өтті

Бастауыш сыныптар апталығы аясында 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Абылай хан» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының ұлы ханы — Абылай хан өмірі мен ерлік жолы туралы мағлұмат алып, тарихи тұлғаның ел бірлігін сақтаудағы рөлін таныды.

Сабақтың ерекшелігі – жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тарихи деректерді салыстырып, сұрақтарға жылдам жауап беріп, шығармашылық жұмыстарын заманауи технология көмегімен қорғады. Бұл тәсіл балалардың танымдық белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын күшейтті. Пән мұғалімі: Намазбаева Айгүл Сұлтанқожақызы.