Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға арналған «Алкогольдің жасөспірімдерге зияны» тақырыбында жиналыс
21
ноябрь
2025

Ата-аналарға арналған «Алкогольдің жасөспірімдерге зияны» тақырыбында жиналыс

Мектепте ата-аналарға арналған «Алкогольдің жасөспірімдерге зияны» тақырыбында жиналыс өтті.

 Мақсаты: Жасөспірімдерге алкогольдің физиологиялық және психологиялық зиянын түсіндіру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі бақылау мен қолдау рөлін күшейту.

 Жиналыс барысында ата-аналар:
• алкогольдің ми мен ағза дамуына тигізетін әсері туралы ақпарат алды;
• ерте жаста ішімдіктің қандай қауіп тудыратынын талқылады;
• жасөспірімнің мінез-құлқындағы өзгерістерді тану жолдарын қарастырды;
• балаға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін үйренді;
• алкогольдің зияны туралы әлеуметтік видеоролик көрді.
 
  Жиналыс ата-ана мен бала арасындағы түсіністік пен сенімді арттыруға, ерте профилактиканың маңызын түсіндіруге бағытталған пайдалы жиналыс болды.