13
март
2025
"Қоқысты қайта өңдеу" акциясы жалғасын табады!




Қоршаған ортаны қорғау – барлығымыздың ортақ міндетіміз!
Осыған орай, мектебімізде басталған "Қоқысты қайта өңдеу" экологиялық акциясы өз жалғасын табады.
Акцияның мақсаты – қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеуге жіберу және табиғатты ластанудан сақтау.
Барша оқушылар мен ата-аналарды белсенді қатысуға шақырамыз!
Пластик, қағаз, әйнек пен басқа да қайта өңделетін қалдықтарды арнайы жәшіктерге салуды ұмытпаңыздар!
Экологиялық дағдыларды қалыптастырып, табиғатқа жанашыр болайық!
Бірге таза болашақ үшін еңбек етейік! 