Математика пәнінен ашық сабақ өткізілді
02.02.3026ж математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып өрнектерді түрлендіру. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолдануды үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және есеп шығару дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, топтық жұмыстар арқылы тақырыпты терең меңгерді. Теория мен практика ұштастырылып, білімдерін іс жүзінде қолдана білді.