Приемная
+7(727) 299-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 269-72-07
Версия для
слабовидящих
04
май
2023

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2023 жылғы талапкерлер! Ертең негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!

💻Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
⏳ЕНТ өткізу мерзімі: 2023 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.

❗️МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
👆28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ЕНТ-ның 1 мүмкіндігіне;
👆7 мамыр мен 14 мамыр аралығында 2 мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

📍Тестіленушілер ЕНТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

👍Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

✅Бұл ЕНТ-ға қатыса алады:
👏2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;
👏мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
👏шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
👏қандастар;
👏шартты түрде оқып жатқан студенттер.

💸Ағымдағы (2023) жылдың мектеп түлектері ЕНТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

🛎️🛎️🛎️🛎️🛎️