"Кітап - білім бұлағы" оқулықтарға рейд
Білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында "Кітап - білім бұлағы" атты оқулықтарға рейд жүргізілді. Тексеру 1-11 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Шараға кітапхана белсенділері мен кітапханашысы қатысты. Оқулықтары, мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін кітап иелері, білім алушыларға "мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы", "оқулықты сақта", "оқулықты ұзақ