Приемная
+7(727) 299-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 269-72-07
Версия для
слабовидящих
Шәкен Аймановтың 100 жылдығына байланысты тәрбие сағаттары өткізілді
22
февраль
2024
Шәкен Аймановтың 100 жылдығына байланысты тәрбие сағаттары өткізілді
Бүгін әйгілі режиссер, актёр, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 100 жылдығына байланысты тәрбие сағаттары өткізілді. Шәкен Аймановтың есімі қазақ киносымен қатар айтылады.Себебі оның режиссерлігімен түсірілген туындылар ұлттық кино тарихының бастау бұлағында тұр. «Алдар көсе», «Атамекен»,«Тақиялы періште»,«Біздің сүйікті дәрігер» сынды фильмдері талай ұрпақты тәрбиеледі.Экранға шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін жоғалтпаған классикалық туындылар.  
Жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру
22
февраль
2024
Жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру
Алматы қаласы "Еңбек мобильді орталығы"КММ Алматы қаласы Білім Басқармасының "№88жббм"КММ-мен бірлесе отырып, жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру туралы лекция ұйымдастырылды. Лектор: Жакупова Еркеш Садыққызы. Школьникам еңбек нарығындағы даму жағдайында жаңа мамандықты қалай таңдау керектігі, тұрақты табыс мамандығы, оқушының қабілетін анықтау тесті туралы өте жоғары деңгейде түсіндірілді, пайдалы кеңестер берілді, слайдтар бойынша жаңа хабарлама берілді. Мектеп әкімшілігі
7-11 сынып оқушыларымен "Ерлік сабағы"
21
февраль
2024
7-11 сынып оқушыларымен "Ерлік сабағы"
 Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде 7-11 сынып оқушыларымен "Ерлік сабағы" өткізілді.
"Әскери—техникалық мектептің" ашық есік күні
20
февраль
2024
"Әскери—техникалық мектептің" ашық есік күні
20.02.2024ж.Бостандық ауданында орналасқан жоғары сынып оқушыларына "Әскери—техникалық мектептің" ашық есік күні болды. АӘТД пәні мұғаліміКурбанбаев Б.Т. оқушыларға оқу орынның үй-жайлары, техникаларын таныстырып қайтты. Оқушылар толық мағлұмат алды.   
"Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы" туралы тарих пәні мұғалімі Әден Қ.А. ақпараттық лекция
19
февраль
2024
"Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы"
 10-11сынып оқушыларына "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы" туралы тарих пәні мұғалімі Әден Қ.А. ақпараттық лекция өткізді. Еліміз 1998жылы арнайы заң қабылдады. Аса маңызды міндет- сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша “Үнемі оқитын адам табысты адам”
16
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша “Үнемі оқитын адам табысты адам”
 “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша “Үнемі оқитын адам табысты адам” тақырыбында 7 “а” сынып оқушыларымен кітапхана меңгерушісі Есимбекова Т.Ж әңгіме сағатын жүргізді. Мақсаты:: Оқушыларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын жатқа айту
16
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп” жобасы “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын жатқа айту
“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша 5-6сынып оқушыларымен “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын жатқа айту сайысы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарағұлова С.К ,сынып жетекшілері: Каренеева Ж.А, Саттарова Ж.С мен кітапхана меңгерушісі Есимбекова Т.Ж бірлесіп өткізілді .Мақсаты: Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.    
3 А сынып оқушылары І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
15
февраль
2024
3 А сынып оқушылары І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Республикалық "Мұқағали - Мұзбалақ ақын" өлеңдерін мәнерлеп оқу және жеке шығармашылық жұмыстарымен байқауға қатысып "Өлең - сөздің патшасы" номинациясында үздік нәтижелер көрсеткені үшін 3 А сынып оқушылары І дәрежелі дипломдармен марапатталды.Сынып жетекшісі Рахметова Майгуль Ядвановна  
"Қысқы ертегі"көркем гимнастикадан ашық турнирде 2-орын
14
февраль
2024
"Қысқы ертегі"көркем гимнастикадан ашық турнирде 2-орын
"Қысқы ертегі"көркем гимнастикадан ашық турнирде 2-орын алған 1"ә"сынып оқушысы Ахмет Айменді құттықтаймыз👏💐💐 Талабыңа нұр жаусын!!!  
Школьникам түсіндірме жұмыстары жүргізілді
13
февраль
2024
Школьникам түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Алматы қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Көбеев Дәурен Асқарұлы, психиатр-нарколог, врач Трубникова Анна Александровна жасөспірімдер арасында есірткінің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын 7-9 сынып оқушыларымен жүргізді, видео көрсетілді.