Коммунальное государственное учреждение
«№88 Общеобразовательная школа »
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 2-99-07-04
Бухгалтерия
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
август
2024

Өзін өзі бағалау. 2023-2024 Оқу жылы

Жаратылыстану-математика әдістемелік бірілестігінің жылдық есебі

 

Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің құрамына 10 мұғалім енеді.

Тамыз айының соңғы күндерінде жаратылыстану-математика пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Жұмыс дәптерлері, бақылау жұмыс дәптерлерінің әр сыныпта басталғандығын тексеру, сондай-ақ күнделікті жұмыс дәптерлерінің тексеріліп тұруын қадағалау және алғашқы бақылау жұмыстарының кестесі құрылды. 2023-2024 оқу жылындағы жаратылыстану- математика пәнедрінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бағдарлама және «2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» әдістемелік - нұсқау хат  құрылып, математика, физика, биология, химияпәндері бойынша жазба жұмыс дәптерлері туралы ережелер қарастырылып, бекітуге ұсынылды. Сонымен қатар пән мұғалімдерімен келісе отырып, пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ кестелері құрылды.

Екінші отырыста 1 тоқсан қорытындысына талдау жасалып, ЕНТ-ға дайындық барысы талқыланды. Мектеп ішілік пән олимпиадасын өткізу кестесін құрып, олимпиадаға дайындық барысы жайлы сөз қозғалды. Математика пәні мұғалімі Сейтжанова Анеля «Математика пәнін оқытыу барысында, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» - тақыпрыбында баяндама оқыды.

31.01.2024 - 9.02.2024ж  жаратылыстану-матетматика пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті. Бұл онкүндіктің мақсаты - химия және биология, география және физика, математика және информатика  пәндеріне  оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушылардың бойында салауатты  өмір сүру жайлы   түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа  мейіріммен қарауға  тәрбиелеу.

          Қараша айында математика, физика, химия, география, информатика, биология пәндерінен  8-11 сыныптар арасында оқушылардың мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті.

       Олимпиаданың мақсаты:

- ғылым негіздерін оқуға бейімділік пен қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау;

- пән бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін терең  меңгеруге көмектесу;

11Ә сынып оқушысы Табанова Алина аудандық пәндік олимпиада Биология пәнінен  1-орын, қалалық кезеңде 4-орын алды. Абай бастаулары республикалық онлайн олимпиада 7ә сынып оқушысы Журунбаева Ұлдана 1-орын алды, жетекшісі Каткова Айнур.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша химия пәнінен олимпиада 3 орын Ербол Мария 9 сынып, "үздік оқушы" республикалық қашықтық олимпиадасы Ақылқан Хадиджа І орын Журунбаева Ұлдана ІІ орын, "Нұрлы жас буын"байқауы Ербол Мария І орын, , "Абай" пәндік олимпиадасы Жазыбек Зере 10 сынып  1 орын, жетекшісі: Лукбанова Эльмира.

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау

жөніндегі орталығы 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес

7-8 сынып оқушылары арасында өткізген жалпы білім беретін пәндер

бойынша жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Ермахан Жігер 2 орын алды. Жетекшісі: Сейтжанова Анеля. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция зейнолла жігер «Педагогикалық ғылымдар» сериясында мақаласы жарық көрді.

Зейнолла жігер «педагог, шешім, жағдаят» шығармашыл ұстаз байқауына қатысып, дипломмен марапатталды.

 

 

 

2022-2023 оқу жылындағы  қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігі

                                       жұмысының қорытынды есебі

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің құрамына 14 мұғалім енеді. Преподаватели сапасының құрамы талапқа сай. Маман емес мұғалімдер жоқ

 

Бірлестік  алғашқы жұмысын 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған  іс- шараларының    жоспарынан бастады.

 Мерекелік іс-шараны   2022-2023 оқу жылының  18-22 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланып,бекітілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  мемлекеттік бағдарламасын», 2022-2023 жылдарға арналған мектепте 12 жылдық білім беруге көшудегі үш тілділікті іске асыру.Үш тілде сөйлеуді меңгеру; Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Үштілділікті дамытудың   кешендік жоспарын іске асыру аясында  22 қыркүйек  Тілдер мерекесіне арналған  апталық    жоспар бойынша жүргізілді. Тілдер мерекесінде қарастырылған  іс-шараларға  оқушылар мен ұстаздар  да қатысты.  Күнделікті жүргізілген іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп,қорытындысы  ӘБ жиынында талқыланып  , олқылықтар дер кезінде түзетіліп отырды. Әр күнгі іс-шарада  оқушылар үштілділікке бағытталған  тапсырмаларды толықтай қызығушылықпен орындап  шықты.

      

05.12.2022-15.12.2022 аралығында  «Тәуелсіздік таңы »  тақырыбында Қоғамдық білім, тарих пәндерінің апталығы өтті.

14.12.2022 күні тарих пәні мұғалімі Кудайбергенов Д. ұйымдастыруымен 10-сыныптары арасында «Желтоқсан оқиғасы – әділетті қоғам құрудың жаршысы» атты тақырыбында ғылыми танымдық конференция өткізді.  Конференцияда 10-сынып оқушылар тақырып аясында өз жұмыстарын таныстырып, «Желтоқсан оқиғасына» субьективті тұрғыдан бағалап, оқиғаның «әділеттілік» мазмұнын кеңінен дәріптеді. Бұл шара оқушылар үшін ғылыми тұрғыдан үлкен тәжірибе болды.

14.12.2022 күні тарих пәні мұғалімі Серікқалиев Ә. ұйымдастыруымен 8-10-сыныптары арасында «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы»  тақырыбында дебат өткізді. Дебат барысында оқушылар топпен жарыса отырып қызушылықпен қатысты.

Сонымен қатар ашық сабақтар мен дөңгелек үстелдер өтті.

   Ақпан айында қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі, тарих пәндерінен  9-11 сыныптар арасында оқушылардың мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті.

       Олимпиаданың мақсаты:

- ғылым негіздерін оқуға бейімділік пен қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау;

- пән бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін терең  меңгеруге көмектесу;

      Аудандық олимпиадада Қазақстан тарихы пәнінен 10 А сынып оқушысы Қайшыбек Гаухар 2- орын,пән мұғалімі Серікқалиев Әлішер

    Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 А сынып оқушысы Маман Мариям 3 орын ,пән мұғалімі Каренеева Жанна

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 А сынып оқушысы Нұрғазы Еркежан 3 орын,пән мұғалімі Темирбекова Шынар

Ұсыныс: Олимпиадаға қатысқан оқушыларды өткен олимпиада материалдарымен таныстырып, сабақ барысында шығармашылықпен жұмыс жасауына баса назар аудару.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2021-2022 оқу жылында  әртүрлі кезеңдік сайыстарға  қатысқан оқушылардың жетістігі

 

  1. "М.Мақатаев оқуларының" аудандық кезеңінде "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша 10 а сынып оқушысы Хомутцов Василий ІІІ орын,жетекшісі Карагулова Света; "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша 9 ә сынып оқушысы Құрманбай Калима ІІІ орын,жетекшісі Темирбекова Шынар
  2. 5-6 сыныптар пән олимпиадасының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6ә сынып оқушысы Ермекқызы Толғанай 2 орын, пән мұғалімі Бағыбаева Назгүл,5ә сынып оқушысы Дүйсенбай Асыл 3 орын,пән мұғалімі Карагулова Света
  3. 10 «А» сынып оқушысы Хомутцов Василий Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде өткен қалалық байқауында 1-орын иеленіп, «Алғыс хат» , ұялы телефонмен марапатталды. Астана қаласына жолдама алды.
  4. 2022 жылғы 26-29 қараша аралығында Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасынң республикалық қорытынды кезеңіне Хомутцов Василий қатысып, дипломмен смарт сағатпен марапатталды.
  5. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық зерттеу жобалар конкурсының қаалалық кезеңінің Қазақ тілі және әдебиеті секциясы бойынша  10 а сынып оқушысы Бекбосынова Ақжан  2-дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық зерттеу жобалар конкурсының қаалалық кезеңінің Тарих секциясы бойынша 10 ә сынып оқушысы Салменов Аят 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
  2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық зерттеу жобалар конкурсының қаалалық кезеңінің Тарих секциясы бойынша 11 а сынып оқушысы Тұралы Гүлдана 1-дәрежелі дипломмен және Тұран университетінің 2 жылдық грантымен марапатталды. Жетекшісі: Құдайбергенов Д.
  3. «Абай» пәндік олипиадасының аудандық кезеңінде

Дүйсенбай Асыл 1- орын, Садық Эльвира 2- орын алды. Жектекшісі: Карагулова С

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2022-2023 оқу жылында мұғалімдердің жетістіктері

  1. Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбилік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңашыл Ұстаз» атты байқауда 1- орынмен марапатталды.
  2. Жүкенова Құралай Сматаевна « British Bulldog» ағылшын тілінен халықаралық байқаудың ұйымдастыру комитетінің алғыс хатымен марапатталды.
  3. Қазақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде өткен Алматы қалалық байқауында өзге ұлт жастарының бойына қазақ халқының тілін,салт-дәстүрін,мәдениетін,тарихын сіңіріп,дарынды шәкірт дайындағаны үшін Карагулова Светлана Курманалиевна марапатталды.
  4. "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының қалалық кезеңінен Серікқалиев Әлішер 2 орын алды
  5. "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының қалалық кезеңінен Құдайбергенов Данияр 1 орын алды

 

Бастауыш сынып апталығы

Алматы қаласы , Бостандық ауданы №88ЖББМ ақпан айының  20-27 аралығында  бастауыш сынып бірлестігінің апталығы өтті. 
Апталықтың мақсаты: оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық қабілетін, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және көңіл күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға баулу.
Апталық бекітілген жоспар бойынша өткізілді.

Бастауыш сынып бірлестігінің апталығының қорытындысы

20.02.-24.02.2024 күндер аралығында бастауыш сынып бірлестігінің апталығы өтті.

Тақырыбы: «Білім негізі-бастауышта»

Мақсаты: «Келешек   ұрпақты  бәсекеге  қабілетті   тұлға  етіп  тәрбиелеуде   сыни  тұрғысынан  ойлау   технологиясын  жетік  меңгеру   және  әр  мұғалім   өзінің  педагогикалық  тәжірбиесінде   жетілдіру  мен  бағалауды   түрлендіру»

Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді. Апталық барысында ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізуге тиісті. Мектеп файесі талапқа сай безендірілді.

«Бекітемін»                                                                                          «Келісемін»                                                                                                                                                                  №88 ЖББМ директоры: Раушан Жұмашқызы ___________    Оқу ісінің меңгерушісі:    Абдульдинова З. М. ________   ӘБЖ Букеева Г. Б. ______      

 

                                           №88 ЖББ мектептің бастауыш сыныптар апталығының жоспары   2023/2024 оқу жылы

 

Р/с

Сабақтың тақырыбы. Пәні

Мерзімі

Сыныбы

Уақыты

Мұғалімнің аты-жөні

 

1.

 

2.

3.

 

«Білім негізі-бастауышта» апталығының ашылуы

«Білім жәрмеңкесі» 

«Әдемі жазу - өнер» көркем жазудан сайыс

«Дұрыс және бұрыс бөлшектер» Математика

20.02.2024

 

1,2,3,4

1,2,3,4

1,2,3,4

4 «Ә»

 

 

12.15-13.00

 

 

14.20-15.05

 

 

Бастуыш сынып мұғалімдері

 

 

Бактиярова Н. О.

 

 

1.

2.

3.

 

«Зат есім» Қазақ тілі

«Білімді мыңды жығар...» білім сайысы

«Болымды, болымсыз етістік» Қазақ тілі

   21.02.2024

 

2 «Ә»

3 «А, Ә»

3 «А»

 

08.50-09.35

12.30-13.15

16.00-16.55

 

 

Балабекова Г. У.

Садирмекова Г. Р. Балабекова Г. У.

Рахметова М. Я.

 

1.

2.

3.

4.

 

«Жалқы есім мен жалпы есім»  Қазақ тілі

«Өнерлінің қолы алтын» көрме

«Ал, қанекей, қыздар!» сайысы

«Серпімділік күші қайда пайда болады?» Жаратылыстану

22.02.2024

 

2 «А»

1,2,3,4

2 «А,Ә»

3 «Ә»

 

08.50-09.35

   12.30-13.15

14.20-15.05

15.15-16.00

 

 

Букеева Г. Б.

Бастуыш сынып мұғалімдері

Бактиярова Н. О. Намазбаева А. С.

Намазбаева А. С.

 

 

1.

2.

3.

 

«Қайталау сабағы» Ана тілі  

«Дені саудың-жаны сау» эстафеталық жарыс

«Қара металл деген не?» Жаратылыстану

 

23.02.2024

 

1 «А»

1 «А,Ә»

4 «Ә»

 

 

08.50-09.35

10.40-11.25

15.15-16.00

 

 

Намазбаева А. С.

Букеева Г. Б. Рахметова М. Я.

Букеева Г. Б.

 

 

1.

2.

 

«Жылыту құрылғысы. Уақыт» Жаратылыстану

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» білім сайысы

 

26.02.2024

 

1 «Ә»

4 «А,Ә»

 

 

    10.40-11.25

12.30-13.15

 

 

Садирмекова Г. Р.

Рахметова М. Я. Абдульдинова З. М.

 

1.

2.

 

«Біз оқуға құштармыз» сахналық көрініс

«Білім негізі-бастауышта» апталығының жабылуы

27.02.2024

 

1,2,3,4

1,2,3,4

 

12.15-13.00

13.00-13.25

 

 

Бастуыш сынып мұғалімдері

Бастуыш сынып мұғалімдері

 

20 ақпанда «Білім негізі-бастауышта» апталығының ашылуы барысында «Білім жәрмеңкесі»  ұйымдастырылып, оқушылар әр пәннен өз білімдерін ортаға салды. Жәрмеңкеге оқушылар қызығушылықпен атсалысты.

Осы күні «Әдемі жазу - өнер» көркем жазудан сайысы ашық деп жарияланып, оқушылардың жұмысын мектебіміздің ұстаздары анықтауға өз үлестерін қосты. 1-орынды 2 «А» сынып оқушысы-Жанарыс Әмина,

2-орынды 2 «А» сыныбынан Бақыт Аяла, 3 «Ә» Асқарқыз Раяна,  1 «А» сыныбынан Ғабдуллина Дария, Салмен Алан, 1 «Ә» сыныбынан Болат Рабиға

3-орынды 2 «А»  сыныбынан Ақылбек Айша, Салауат Балайым,  1 «А» сыныбынан Нуртелеу Али, 1 «Ә» сыныбынан Қуаныш Байбек, Алибекұлы Ибраhим,

Орын алған оқушылар дипломдармен марапатталды.

«Дұрыс және бұрыс бөлшектер» математика сабағынан 4 «А» сыныбында Бактиярова Н. О. ашық сабағы қамтылды. «Дұрыс және бұрыс бөлшектерді, аралас сандарды ажыратуды үйрену» мақсатында құрылған сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар жаңа сабақты меңгеріп, сабақта интербелсенді тақтаны пайдалана отырып жүргізілген «Математикалық футбол» ойыны ұтымды қолданылды. Бағалауда қолданылған «Домбыра» әдісі де сәтті болды.

 

21 ақпанда «Зат есім» тақырыбында қазақ тілінен  2 «Ә» сыныбында өткізбен Балабекова Г. У. «Спираль», «Жұлдызша» әдістері сабақты түсінуде тиімді нәтиже көрсете алды. Топтық жұмыстарда оқушылар белсенділік танытты.

«Білімді мыңды жығар...» 3 «А, Ә» сыныпатры арсында өткізілген білім сайысын Садирмекова Г. Р. Балабекова Г. У. ұйымдастырды.  Сайыс «Тездет, бірақ қателеспе!», «Ұшқыр ой», «Ойлы болсаң, озып көр», «Тапқыр болсаң, талас жоқ» кезеңдерді қамтыды. Сайыс барысында пәндер бойынша  сұрақтарға жауап алынып, түрлі тапсырмалар орындалып қызықты өтті.

 

3 «А»  сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Болымды, болымсыз етістік» тақырыбында Рахметова М. Я. Сыныпты «Бір кесе шәй» әдісі арқылы қызықтыра отырып топқа бөлді. Ашық және жабық сұрақтарды қоя отырып жаңа сөздердің мағынасын аша білді. «Топтық тергеу» әдісі арқылы мәтіннен тірек сөздерді тапқызды. «Алма жинау» әдісі арқылы сабақты бекітті. Сабақ өз деңгейінде өтті.

22 ақпанда «Жалқы есім мен жалпы есім»  тақырыбында қазақ тілі пәнінен  2 «А» сыныбында ашық сабақты Букеева Г. Б. өткізді. Сабақ барысында  қызықты тапсырмалар орындалып,  интербелсенді тақтаны пайдалана отырып ойнатылған ойындар сабақ мазмұнын аша түсті. Көк тракторға шөп тиеу арқылы жалқы және жалпы есімдерді ажыратты. Сабаққа оқушылар белсене қатысып, сабақтан алған әсерлерімен «Бақыш ағашына» ойларын жазып бөлісті.

 

 «Ал, қанекей, қыздар!»  2 «А,Ә» сыныптар арасындағы қыздар сайысыты ұстаздар Бактиярова Н. О. мен Намазбаева  А. С. ұйымдастырып, өткізді. Сайыс: Топты таныстыру, ою ою, сәбіз аршу, инені сабақтау,( түю, тігу), түйме қадау  қолөнерінен сынға түүсе, ойын тапсырымалар арқылы ой ұшқырлығы анықталды. Өнер сайысында екі топтан да әнші қыздар ән салды. Бәйге сайысында топ мүшелері салт- дәстүрімізден өз білімдерін ортаға салды.

  

 

 

Намазбаева А. С. 3 «Ә» сыныбындағы  жаратылыстану пәнінен өткен «Серпімділік күші қайда пайда болады?» тақырыбындағы ашық сабақ «Серпілген сауал» әдісін қолданғанда оқушылар жедел жауап бере алды. Топқа бөліну кезінде әр топ өз атаулары бойынша Ақылды карта құрастырды. Сабақ барысында «Тик-ток» әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырду.  Бекіту барысында зерттеу жұмыстары жүргізілді.Бірі кір жаятын жіптің серпімділігін, екіншісі доптың серпімділігін, үшіншісі екі түрлі резеңкенің серпімділігін анықтады.

 

 23 ақпанда Намазбаева А. С. ана тілі   пәнінен «Қайталау сабағы» 1 «А» сыныбында өткен ашық сабағында «Миға шабуыл» әдісі балалардың «аға» деп кімді атайтынын жарыса ортаға салды. «Білім сандығы» әдісі интербелсенді тақта арқылы сандықшадан сұрақтар ашылып, жауап алынды.

 

Осы күні Букеева Г. Б. 4 «Ә» сыныбында  жаратылыстану пәнінен «Қара металл деген не?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Тақырыпты меңгеруде  бейнефильмнің ықпалы мол болды. Қара металдың түрлерін ажыратуда, өмірде қайда қолданылатыны анықтауда, қасиетін танып білуде жүргізілген топтық жұмыста оқушылар сабақ мақсатына жеткенін көрсетті.

 

 

Букеева Г. Б. мен Рахметова М. Я. Ұйымдастырған  1 «А,Ә» сыныптары арасындағы «Дені саудың-жаны сау» эстафеталық жарысы өте қызықты өтті. Оқушылар секіртпемен секіру, допты алып жүру, қаппен секіру, жебе лақтыру, допты торға салу, арқан тарту сынды сайыстарды қызыға орындады. Екі сынып тең түсіп достық жеңді.

 

 

 

 

26 ақпанда Садирмекова Г. Р. 1 «Ә» сыныбында  жаратылыстану пәнінен  «Жылыту құрылғысы. Уақыт» тақырыбында ашық сабақ өтті. Психологиялық ахуал қалыптастыруда «Амандасу» әдісі қызықты өтті. Балалар қол алысты, құшақтасты, жұдырық түйісті. Өткен сабақты пысықтау кезінде тест орындады. «Кел ойнайық» тәсілі арқылы суретпен жұмыс жүргізілді. Жылыту құрылғыларының қашан, не үшін қолданылатыны жөнінде өз ойларын ортаға сала білді. Адам өміріндегі жылудың маңызы жөнінде айта келіп, оқушыламен жылыту құрылғысын қолдануда ереже құрды.

  

4 «А,Ә»  сыныптардың арасында ұйымдастырылған Рахметова М. Я. Абдульдинова З. М. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» білім сайысы қызықты өтті. Екі сыныптан үштен оқушы қатысып ең соңында жеңімпаз  4 «Ә»  сынып оқушысы-  Салауат Санжар деп танылды.Cайыс 6 айналымнан тұрды. «Бәйге», «Ойлан, тап», «Айшықты сөздер», «Суреттер сөйлейді», «Кім жылдам?», «Ұшқыр ой». Әр айналым қызықты тапсырмалар мен сұрақтардан тұрды. Барлық оқушы белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді.

27  ақпанда барлық бастауыш сыныптар «Біз оқуға құштармыз» тақырыбында өздері оқыған ертегіден сахналық көрінісін қойды. Атап айтсақ «Түлкі мен Тырна», «Мақтақыз бен мысық», «Қызыл телпек», «Шалқан»  «Әнет бабаның өсиеті», «Шалқан», «Сылдырмақты көжек» көрінсте оқушылар өз актерлік шеберліктерін көрсете білді.

 

 

 

«Білім негізі-бастауышта» апталығы қорытындыланып, белсенді сыныптар мен оқушылар марапатталды. Апталық өз деңгейінде өтті.

 

 

 

2023-2024 оқу жылындағы  эстетикалық пәндер ӘБ апталығы 

    Эстетикалық пәндер  апталығының  жоспары өз уақытымен  бекітілді. Апталық15 cәуір мен 22 сәуір  аралығында «Өнерлі ұрпақ  - кемел  болашақ » атты  эстетикалық    дене шынықтыру, көркем еңбек және АӘД пәндері  бірлестігі апталығы өткізілді. Cәуірдің  15-ші жұлдызы күні  мектебіміздің фoиесінде «Өнерлі ұрпақ  - кемел  болашақ »тақырыбында үлкен стенд шығарылды.

№88 ЖББ мектебімізде  15.04.24-22.04.24ж. аралығында «Өнерлі ұрпақ  -кемел  болашақ » атты  эстетикалық    пәндер  бірлестігі апталығы  спортзалында оқушылармен жиын өткізіп ашылды.Ашылу барсында  дене шынықтыру пән  мұғалімі Ахмедова Розаның  жетекшілігімен 5а сынып оқушылары лентамен гимнастикалық  элементтерімен би биледі.

   Апталықтың ашылу салтанаты спорт залында болды. Ашылу салтанатында  дене шынықтыру пән  мұғалімі Ахмедова Розаның  жетекшілігімен 5а сынып оқушылары лентамен гимнастикалық  элементтерімен би билеп, бірлестік  жетекшісі апталықта жүргізетін іс- шаралармен таныстырды.

      15.04.2024ж.Эстетика  апталығының  іс-жоспары  бойынша  Балалар шығармашылығы «Сәндік натюрморт»(бейнелеу өнері) атты көрмесін көркем еңбек пәні мұғалімі Г.М.Бейсекова ұйымдастырды.

 

     16.04.2024жылғы    күніңде   өткізген АӘД пәні мұғалімі: Курбанбаев Бауыржан Толегеновичтің   10 "А","Ә" сынып   арасында  «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты командалық сайысын ұйымдастырды.  Мақсаты: Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.   Оқушылар үшін -бұл өзін ашу, өзінің физикалық жағдайын сезіну, іс қимылдарының дайындығының деңгейін арттыру.                                                              Бүгінгі  өткізген  сайыста  оқушылар өте қызығушылықпен белсенді қатысып, өз өнерлерін сайыста көрсете білді.

 

   

 

 

      17.04.2024ж.Музыка пән мұғалімі Рахимова Гүлнара Алтынбекова 3 «А» сыныбында  «Айдынды шалқар Аралым»тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақ  жақсы өтті.Балалармен нотамен дауыс дыбыстықпен жұмыс жасатты.Сонымен қатар әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушылармен топтық жұмыс жүргізді.

 

             

19.04.2024ж.Музыка пән мұғалімі Рахимова Гүлнара Алтынбекова «Әуенді тап» 5-6 сынып      сыныптарында  сыныптан тыс сайыс сабағы      өтілмей қалды . 

 

  17.04.2024 ж  « Волейбол ойнау техникасы» Дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Бейсембеков С.Б  7«Ә»сыныбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақта оқушарға жаттығулар жасатып, топқа бөліп,волейбол техникасын көрсетіп, волейбол ойнатты.Ашық сабақ жақсы өтті.

 

17.04.2024 ж. күнінде   5"А" сыныбында    « Командалық ойын» тақырыбында  ашық сабақты  Дене шынықтыру  пәні мұғалімі:Ахмедова Р.А өткізді.Мақсаты:

    Салауатты өмір салты, спортқа деген қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшы парасатты  кемел болашақ ұрпақ қалыптастыру.Ашық сабақ барысында топтық жұмыс,постер әдістерін, дене жаттығуларын, ойын ойнатты.Сабақ өте жақсы қызықты өтті.

    

18.04.2024 ж.   " Өсімдіктердің медицинада, фитотерапия және косметологияда қолданылуы"тақырыбында ашық сабақты  8,"Ә" сыныбында  көркем еңбек  пәні мұғалімі:  Бейсекова Гүльвира Медеуқызы  өткізді.  

  Мақсаты:Фитотерапия мен косметологияда өсімдікті қолдану ролін білу, зерделеу, анықтап, қолданыу.

Өз беттерінше зерделеп өсімдіктердің бірін таңдап,медицинада, фитотерапия және косметологияда қолданылатын бұйымның дизайының анықтап, шығармашылық жұмыстар жасау.

Ашық сабақта“Гүл сұрақтары”, “топтастыру”, “постер” “ Құмырадағы гүл” рефлекция белсенді әдістерін қолданды.Оқушылар өз ойларын жақсы жеткізді.Сабақ балаларға қызық болды.

     

19.04.2024ж «Ұлттық ойындар» сыныптан тыс 5-11 сынып арасында  ойындарды спорт залында дене шынықтыру мұғалімдері  Ахмедова Р.А, Бейсембеков С.Б Курбанбаев Б.Т.өткізді.Бұл ойындарға 9-11 сыныптар қатыспады, дене шынықтыру мұғалімдеріне ескертулер айтылды.

   

«Өнерлі ұрпақ  -кемел  болашақ »атты эстетикалық бірлестігі апталығының жабылуына орай 22.05.2024ж.мектебіміздің спортзалында мұғалімдер мен оқушыларға үлкен жиын болды. Жиында,байқауларға және сайыста  өте жақсы дәреже көрсеткен   оқушыларды 1-орын,2 -орын 3 -орындармен  мақтау қағаздарымен марапаттады. Эстетикалық бірлестігі апталығының жабылу салтанатында  музыка пән мұғалімі Рахимова Гулнара  жетекшілігімен және  оқушылармен  «Спорт» хор әнімен  жабылды.

Қорытынды:

  1. Апталық15 cәуір мен 22 сәуір аралығында «Өнерлі ұрпақ -кемел  болашақ» атты тақырыбында өткізілген іс -шаралар: ашық сабақтар ,сабақтан тыс іс -шаралар  жақсы  өтілді.

Ұсыныс:. Оқушыларды сыныптан тыс іс шараларға қамтылмаған сыныптарды  келесі жылдары ескеру  керектігін  дене шынықтыру пән пән мұғалімдеріне қадағалау керек екені айтылды.