Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 269-72-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Табиғи және техногендік жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі басқару органдарының іс-әрекеттері “
30
январь
2023
“Табиғи және техногендік жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі
Төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері туралы хабарлылықты арттыру мвқсатында №88 жалпы білім беретін мектепте мектеп ұжымымен азаматтық қорғау саласында каскадты әдіспен оқу сабақтары өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Лукбанова Эльмира мен АӘД пәні мұғалімі Курбанбаев Бауыржан “Табиғи және техногендік жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі басқару органдарының іс-әрекеттері “тақырыбында мәліметтер берді.  
Ашық сабақ
27
январь
2023
Ашық сабақ
27.01.2023ж. 9 “Ә” сыныбымен география пәнінен “Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар еліміздегі эностар мен этникалық топтарды, Қазақстан халық Ассемблеясын, конфессия ұйымдарын оқып,білді. Сабақта шар әдісі, спиннер әдісі, падлет тақтасы және тарсия әдістері қолданылды. Пән мұғалімі: Қопабаева Р.О.  
Ашық сабақ
27
январь
2023
Ашық сабақ
27.01.2023ж 88 жалпы білім беретін мектеп 9 “А” сынып оқушыларымен Информатика пәні бойынша “Деректер базасы. Электронды кесте” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар Excel программасын практикалық тапсырмалар орындауды үйренді. “Wordwall”программасы, “Контакты пернесі” сиякты әдістер қолданылып сабақ жоғары деңгейде өтті.  
№88 ЖББМ 27.01.2023ж "Жаратылыстану әлемі" атты интеллектуалды сайыс өтті
27
январь
2023
№88 ЖББМ 27.01.2023ж "Жаратылыстану әлемі" атты интеллектуалды сайыс
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекеттерін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Әр кезеңде дұрыс жауап берген топтың оқушыларына жұлдызшалар берілді. Сайыс соңында әр топтың жинаған жұлдызшалары саналды, көп жұлдызша жинаған топтар сайыстың жеңімпаздары атанды. Сайыстың соңы қызықты практикалық жұмыстармен жалғасты. Пән мұғалімдері Ибраим Б.С; Қопабаева Р.О;
Ашық сабақ
26
январь
2023
Ашық сабақ
26.01.2023ж. 9А сыныбымен алгебра пәнінен “Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қолдану”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар тригонгметриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді, негізгі тригонометрия формулаларын есептер шығаруда қолдануды үйренді. Алгебра пәніне қызығушылықтарын, ізденгіштіктерін таныта білді.  
Ашық сабақ
26
январь
2023
Ашық сабақ
26.01.23ж №88 ЖББМ- 10 «Ә» сынып оқушыларымен физика пәнінен «Электр өрісі. Кулон заңы. Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Оқушылар электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолданды. Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданып сабақта жоғары белсенділік көрсетті.  
"Дабыл чемоданы" және  «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қауіп төнген кездегі халықтың әрекеті»
26
январь
2023
"Дабыл чемоданы" және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
№ 88 Жалпы білім беретін мектепте оқушылармен,мектеп ұжымымен "Дабыл чемоданы" және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қауіп төнген кездегі халықтың әрекеті» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: төтенше жағдай кезінде яғни жер сілкінісі, су тасқыны, өрт болған жағдайда дабыл чемоданының қажеттілігі мен оның ішінде қажетті заттарды таныстыру. Дабыл чемоданы - төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттар жинағы.  
"Робототехника туралы түсінік" тақырыбымен сайыс сабақ
25
январь
2023
"Робототехника туралы түсінік" тақырыбымен сайыс сабақ
25.01.2023ж 8"а,ә" сынып оқушыларымен "Робототехника туралы түсінік" тақырыбымен сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты: Робототехника курсын үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру. Міндеттері: Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту; Күтілетін нәтиже: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;  
Ашық сабақ
25
январь
2023
Ашық сабақ
25.01 88 ЖББМ -тің 6 “ә” сыныбында математика пәнінен “Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар жаңа ақпарат алып ,модульдың анықтамасын есептер шығаруда қолдана алатындығын және ұйымшылдықтарын көрсетті. Пән мұғалімі Сағымбаева Г.Б.