Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 269-72-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2019

"Жаса Қазақстаным" Тәуелсіздік іс-шарасы

«Жаса, Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбымен патриоттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан мерекесінде жеткіншек ұрпақтарымызды ұлттық құндылығымыз бен жасампаздығымыздың жетістіктерін мақтан етуге, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар жүргізілді. «Тәуелсіз Қазақстаным- менің болашағым!» тақырыбында 9-11 сыныптарда эсселер сайысы өткізілді, үздік деп танылған 9 «ә» сыныбы оқушысы Алпысбай Айжан қалалық сайыста ІІІ орын , 9 а сынып оқушысы Урақбай Айнұр қалалық сайыста ІІІ орын иеленді. Тарих пәнінің мұғалімдері Қалдыбаева А.Т., Алигулова А.М., 10-11 сынып оқушыларымен "Елбасының өмірлік белестері", "Тарих толқынында" тақырыптарымен дөңгелек үстел өткізді. 3 Ә сынып жетекшісі Намазбаева А.С., 6 А сынып жетекшісі Елібай А.Қ. "Тәуелсіз елім-Қазақстан" тақырыптарымен "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйыма мүшелерімен патриоттық жоғары деңгейде ашық сынып сағаттарын өткізді. 8 сынып жетекшісі Оспанова А.Қ. оқушыларымен "Тәуелсіздік-елдігіміздің мерейі" атты салтанатты мектепішілік мерекелік кешті өз деңгейінде өткізді. ҚР Тәуелсіздік мерекесі аясында "Жаса Қазақстаным" атты салтанатты жиында 3-6 сынып оқушылары "Жас Ұлан" ұйымы мүшелігіне қабылданды.