Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 269-72-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім  Басқармасы

 

 №88 жалпы білім беретін мектеп

 Коммуналды мемлекеттік мекеме

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

1.1.  Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 10-бабына сәйкес № 88 жалпы білім беретін мектеп» КММ қызметі, қызметтегі тиымдар, шектеулер қамтылып әзірленген.

1.2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мақсаты- мектеп қызметінің, мектеп қызметкерлері мен басшылық құрамының жемқорлық көріністерінің алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру. 

 

1.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт міндеттері:

- педагогикалық қызметкерлер мен мектеп қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін  орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың теріс  салдарын болдырмау;

- мектеп қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. 

 

 

1.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мектеп қызметкерлерінің және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады.

- Мектеп қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт талаптарын орындауға міндетті.

- Мектептің әр қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты  қолдануға, орындауға  жауапты.

-1.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгеріс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының  2-тармағына сәйкес енгізіледі.

1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мектеп қызметкерлерінің  белгіленген ережелерді қатаң сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.

1.7. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын Мектеп  кеңесі қадағалайды.

 

 

 

 

 

№88 жалпы білім беретін мектеп

 Коммуналды мемлекеттік мекеме

 педагогикалық қызметкерлерінің мінез-құлық (әрекет) ережесі

 

Тыйым салу, шектеу және рұқсаттар:

 

2.1.  Мектептің құқықтары мен заңды мүдделерін және оның жұмысын жүзеге асыру кезінде:

2.1.1. лауазымдық міндеттерін пайдаланып, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында  материалдық артықшылықтар мен жеңiлдiктердi қолдануға;

2.1.2. даулы мәселелер мен келіспеушіліктерді заң жүзінде шешу;

2.1.3. өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасы үшін қызметтегі  лауазымды пайдаланбау;

2.1.4. мектептің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін немесе залал келтіретін, мектептің  қызметкерлерінің ар-намысына және беделіне нұқсан  келтіретін іс-шараларға қатыспау;

2.1.5. мектеп қызметкерлерінің жеке деректері туралы негізсіз ақпараттардың таралуына   жол бермеу;

2.1.6. мектеп қызметкерлерінің кәсіби өсу сатыларында меритократия  принципін  және білім, санат, тәжірибие, жұмысының өнімділігі мен тиімділігін ескеруді қамтамасыз ету;

2.1.7 мектеп қызметкерлерінің  идеялары, өнертабыстарының өзіне тиесілі болуын, сондай-ақ оларды жүзеге асыруда түскен пайданың нормативтік құжаттармен қорғалуы тиіс;

2.1.8  мекемеге ғылым мен білім берудің даму жолдарын белсенді жүзеге асыратын табысты маман қабылдау.

 

 

 

2.2.  Білім беру және басқа қызметтерді ұсыну:

2.2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы», Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңы мен заңнамаларын және басқа да заңдарының талаптарын қатаң сақтау;

2.2.3. Қазақстан Республикасының  заңдарымен қорғалған ақпараттарды таратпау;

2.2.4. қызметтік міндеттерді атқару барысында іскерлік этикеттің және ресми мінез-құлық ережелерінің сақталуын орындау, №88 жалпы білім беретін мектеп КММ  Жарғысына және  басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне бағыну.

 

 

 

 

 

 

 

3. Басшылық және басқа да шешімдердің жүзеге асырылуында мектеп қызметкерінің міндеттері.

3.1. Мүдделер тарапынан туындаған келіспеушілік, лауазымдық міндеттерді жеке мүддесіне пайдалану, жемқор мінез-құлық, сыйлықтар алу туралы фактілерді басшыға баяндау;

3.2. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке мүдделерді басшылыққа алуға тиым салынады;

3.3. Қызметтік шешім қабылдаған кезде әріптестердің өтініші негізінде шешімді өзгертуге жол бермеу;

3.4. Өзгелерді сыбайлас жемқорлыққа тарту немесе мәжбүрлеуге жол бермеу; 

3.5. Қызметтік артықшылықтар, мүліктік жеңілдіктер алу мақсатында басшыға, әкімшілікке және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеңіз,бейресми қызметтерді ұсынбаңыз.

3.6. Лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты сыйлықтарды қабылдамаңыз.

3.7. Мүліктік артықшылықтар мен жеңілдіктер алу үшін таратуға жатпайтын ресми және басқа ақпаратты пайдаланбаңыз.

3.8. Қызмет бабында жақын туыстарға(ата-аналары, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) лауазымдық қызмет беруден бас тарту;

3.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ашуда белсенді болу;

3.10. Сыбайлас жемқорлықтың фактілері белгілі болғанда басшылыққа хабарлау;

3.11. Берілген бұйрықтың заңдылығы күмән тудырған жағдайда тікелей басшыға жазбаша түрде мәлімдеу; 

3.12. Егер басшылықтың мүдделер қақтығысына тікелей қатысы бар болса жоғары басшылыққа шағымданыңыз;

3.13. Әріптестеріңіздің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетің қолдаңыз және талап етіңіз;

3.14. Мүдделер қақтығыстарының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен  олардың салдарларын жоюда дұрыс шешім қабылдау;

3.15.  Үшінші тұлғалардың мүддесін өз пайдасына ұсыну, лоббирлеу, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

 

4.  Педагогикалық және басқа қызметтерді ұсыну кезінде мектеп қызметкерлеріне ұсынымдар.

4.1. Білім беру және әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасын жақсартуда «мектеп-мұғалім-ата-ана» ынтымақтастығында бюрократтық келеңсіздікке жол бермеу;

4.2. Кәсібилікті дамыту, өз біліміңіздің деңгейін үнемі көтеріп, отандық және  шетелдік озық тәжірбиелерді үйреніңіз. 

4.3. Кәсіби және адамдық мінез-құлқыңызбен айналаңызға үлгі болуға тырысыңыз;

4.4.  Өз мекемеңіздің дәстүріне, тарихына құрметпен қарау.

4.5.  Лауазымыңызды шәкіртіңіздің білімін бағалауда пайдалануға жол бермеңіз;

4.6. Әріптестеріңіз бен шәкірттеріңізбен қарым-қатынас кезінде олардың қадір-қасиетін қорлмау, тәккапарлық пен  менмендік көрсетпеу;.

4.7. Мектеп әкімшілігінің шешімдері мен қызметі туралы жаңсақ мәлімет таратуға тиым салынады.

 

 

 

5. Мемлекеттік сатып алу қызметтерін жүзеге асыруда  лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге арналған ұсынымдар

 

5.1. Мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау.

5.2. Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерді мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

5.3. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiлер арасында адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету.

5.4. Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айшықтығын қамтамасыз ету;

5.5.Сыбайлас жемқорлықтан аулақ болыңыз.

5.6.Мемлекеттік сатып алу қызметтерін жүзеге асыруда  бірінші басшы немесе таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы бар әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) , балалары мемлекеттік сатып алу конкурсына жіберілмесін.

5.7. Мемлекеттік сатып алу қызметтерін жүзеге асыруда  әлеуетті өнім берушінің және (немесе) Бірыңғай борышкерлер тізіліміне енгізілген қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) қатысуына тыйым салынады.

 

 

 

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

6.   Мектептің қызметі жалпы білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы  шаралардың жиынтығы  арқылы жүзеге асырылады, олар:

6.1. Мектептің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді технологиялар мен механизмдерді енгізу;

6.2 Мұғалімдердің «Ар-намыс»кодексін орындау.

6.3 Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы сауаттылықты және қоғамдық түсінуді, оның салдарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сананы  қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін қауымдастық мүшелерінің арасында мақсатты жұмыстар жүргізу;

6.4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процесіне әлеуметтік әріптестік негізінде оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды тарту;

6.5. Отансүйгіштік пен белсенді азаматтылықты тәрбиелеуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды іске асыру;

6.6. «Сыбайлас жемқорлықтан тыс мектеп», «Мұғалім-оқушы көзімен» эссе сайыстарын өткізу;

6.7. №88 жалпы білім беретін мектеп КММ интернет-ресурсы арқылы ақпараттарды қамтамасыз ету;

6.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру.