Алматы қаласы Білім басқармасының
«№88 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-99-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-69-72-07
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№88жббм» КММ тәрбие жұмысы бойынша оқушылардың жетістіктері туралы мәлімет (2021-2022 оқу жылы)
31
май
2022

«№88жббм» КММ тәрбие жұмысы бойынша оқушылардың жетістіктері туралы мәлімет (2021-2022 оқу жылы)

 

 

 



«88жббм» КММ тәрбие жұмысы бойынша оқушылардың жетістіктері туралы мәлімет

(2021-2022 оқу жылы)analiz-po-vr-2022-goda.pdf [1,11 Mb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: analiz-po-vr-2022-goda.pdf   

Мектеп№

Оқушының аты-жөні

Жетістігі

аудандық

қалалық

республикалық

Шығармашылық

Спорттық

республикалық

халықаралық

қалалық

республикалық

1.                   

№88 жббм

«Томирис», «Еркеназ»би ансамблдері

Балалар өнер шығармашылығы фестиваль байқауы,хореография жанры ІІ, ІІІ орын.

 

-

 

-

-

-

2.                   

№88 жббм

«Томирис» «Еркеназ» бишілер тобы

 

 

 

«Самға Самұрық» байқауда Бас жүлде 2022ж

 

 

 

3.                   

№88 жббм

Сұлтанәлі Аделия

 

 

 

 

Республикалық "Жас Жұлдыз"байқауы,бас жүлде

2020ж

 

 

 

4.                   

№88 жббм

Тильдахметов Алмат

 

«Менің Отаныма-менің бастамам» республикалық шығарамшылық жобалар байқауы  1 орын 2022ж

«Менің Отаным-менің бастамам» республикалық шығарамшылық жобалар байқауы, «Киіз үй-ғаламның моделі», 2 орын 2022ж

 

 

 

 

5.                   

№88 жббм

Сұлтанәлі Аделия

 

 

 

 

Республикалық "Жас Жұлдыз"байқауы,бас жүлде

2021ж

 

 

 

6.                   

№88 жббм

Егизбаев Альмансур

 

 

 

 

 

 

Спорттық гимнастикадан 1 орын 2022ж

7.                   

№88 жббм

Сұлтанәлі Аделия

 

 

 

 

 

 

 

Эстетикалық гинастикадын республика чемпионаты 1 орын 2022ж

8.                   

№88 жббм

Рүстемұлы Ернат

 

 

 

 

 

 

Жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпинаты 1 орын 2022ж

9.                   

№88 жббм

Утебаева Бибигуль

 

 

 

Республикалық «Тәуелсіздік-Тәңірден келген тәтті сый»балалар байқауы, І орын

 

 

 

 

10.               

№88 жббм

Дүйсенбай Медина,Аралхан Дәлелхан

 

Менің Отаным-менің бастамам» қалалық шығарамшылық жобалар байқауы 1 орын 2022ж

 

 

 

 

 

11.               

№88 жббм

Дүйсенбек Нұрайлым

 

 

 

Республикалық «Тәуелсіздік-Тәңірден келген тәтті сый»балалар байқауы, І орын

 

 

 

 

12.               

№88 жббм

Рүстемұлы Ернат

 

Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңінен 3  орын 2022ж

 

 

 

 

 

13.               

№88 жббм

Болат Аслима

 

 

«Көктем қандай шырайлы» ән-би өнер байқауы, ІІ орын

 

 

 

 

14.               

№88 жббм

Есенғазиева Ақниет

 

 

«Алтын күз-2021» суреттер байқауы, І дәрежелі Диплом

 

 

 

 

15.               

№88 жббм

Аманбаев Асет

 

 

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» фортепианода ойнау, Диплом

«Жарқын жол» шығармашылық байқауы, ГРАН-ПРИ,аспаптар бойынша,2021

 

 

 

16.               

№88 жббм

Темір Амина

 

 

«Алтын күз-2021» суреттер байқауы, ІІ дәрежелі Диплом

 

 

 

 

17.               

№88 жббм

Кошимова Жамиля

«Қадыр оқулары» байқауы, вокал жанры, ІІІ орын

 

 

 

 

 

 

18

№88 жббм

Саттар Айару

 

 

«Самға Самұрық» байқауы І орын  2022ж

 

 

 

 

19

№88 жббм

Ілияс Өмір

Далабаева Арман

 

 

 

 

 

Спорттық күрес «GRAPPLING»І,ІІ орын

 

20

№88 жббм

Ахилбек Айша

 

«Наурызды қарсы аламыз»қалалық суреттер конкурсы,Грамота

 

 

 

 

 

21

№88 жббм

Ерланұлы Тамерлан

 

 

 

 

 

«Балалар жылы» қарсаңында Еркін күрес, Диплом

 

22

№88 жббм

Бекбосынова  Амина

 

« Қош келдің,Наурыз көктемім»қалалық эссе байқауы 3 орын 2022ж

 

 

 

 

 

23

№88 жббм

Саут Хадиша

 

«Тәулсіздіктің 30 жылдығы  несімен мәнді» тақырындағы қалалық эссе байқауы 3 орын2022ж

 

 

 

 

 

24

№88 жббм

Рахимжан Сафира

 

 

 

 

 

 

Көркем гинастикадан республика чемпинаты 3 орын 2022ж

 

 

І.Тәрбие жұмыстары

« №88 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылы бойынша  тәрбие жұмыстарының жүргізу деңгейі

Мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылында   тәрбие жұмысын  ұйымдастырып жүргізуде  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрлігінің  2020 жылғы  6 сәуір №130 бұйрығымен бекітілген  «Құндылықтарға негізделген  білім беру» жобасы басшылыққа  алынды. Жобаның негізгі мақсаты: Рухани адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге  бағытталған жалпы адамзаттық, ұлттық  және отбасылық құндылықтарды жүзеге асыру.

 2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбиені ұйымдастыруда мынадай міндеттер қойылды:

-оқушылардың білімін толықтыруда тәрбиенің ролі;

-қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету.

Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда  төмендегі нормативтік құқықтық құжаттары негізге ала отырып, оқушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылды.

  • Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;
  • «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы;
  • «Білім  туралы»    Қазақстан    Республикасының     2007     жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
  • ҚР БҒМ 2019  жылғы   15   сәуірдегі   №145   бұйрығымен   бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері құжаттары 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарында басшылыққа алынды.

             Тәрбие жұмысының мақсаты: Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны   тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету;
  2. Мектепте көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  3. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
  4. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, яғни туған жерге сүйіспеншіліктен басталады.Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің , ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі.

 

 Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік  тақырыбы: «Ұлттық  рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, Отанын сүйетін, елінің дамуына еңбек ететін жан-жақты білімді, қабілетті жаңашыл тұлғаны қалыптастыру».

     Тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес  жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда  тәрбие жұмысы 8 бағыт арқылы жүзеге асады.

 

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
  2. Рухани-танымдық тәрбие;
  3. Ұлттық тәрбие;
  4. Отбасылық тәрбие;
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
  7. Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Тәрбие жұмысының  2020-2025 жылдарға арналған  кешенді бағдарламасында оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытындағы  жоспарларды негізге ала отырып, мектебімізде мәдени –тәрбиелік шаралар әзірлеп ,оны өткізу және оқушылардың ата-аналарымен жалпы мектептік ата-аналар өкілдерімен жұмыстар  ұйымдастыру көзделген. Оқушылармен төмендегідей жобада жұмыстар атқарылды:

  • «Отбасылық тәрбие мектебі» Алматы қаласының мақсатты жобасы, «Мектеп-Ата-Ана-Оқушы» триадасы;
  • Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жобасы;
  • Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы;
  • Экологиялық жоба «Таза аула-таза мектеп»;
  • Қауіпсіз мектеп жобасы;
  • «Алтын жүрек» қайырымдылық жобасы.

 

   Тәрбиенің міндеттеріне  денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті,   тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін дамыта отырып,балалар мен жасөспірімдерді  азаматтыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу болып белгіленді. Тәрбие үрдісінің жүргізілуінде сегіз бағытта   сынып  сағаттарының тақырыптары белгіленіп, сейсенбі күні сынып сағаттары өткізілді. Мектептен тыс жүргізілетін тәрбие шаралары, байқаулар, сайыстар, кештер осы бағыттармен үйлесіп орындалады және мектептің әлеуметтік парақшасына жарияланып отырды..Мектепте «Менің – өз Отанымның патриотымын!» ұстаз-оқушы  патриоттық  әндер байқауы, «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!», «Поэзия, менімен егіз бе едің?» поэзия кештері, «Алтын жүрек» қайырымдылық акциялары, «Ризашылық айтудан шаршамайық» дәстүрлі алғыс айту мерекесі,  «Таза аула-таза мектеп» экологиялық жоба өткізу дәстүрге айналған. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы «Жігер» оқушылар  ұйымы   және «Жас қыран», «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымы арқылы жүргізіледі.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын , логикасын, сыни ойлауын дамыту мақсатында «Жалын», «Nika» дебат клубтары  8-11 сынып оқушыларынан  құрылған ,АПФ форматында әртүрлі тақырыптарда жүргізілді.

Қазіргі уақытта оқушылар арасында құқықбұзушылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесінде  жыл бойына «Директорлық сенбі-ата-аналар үні »  тақырыптық онлайн-кездесу, сұхбаттасу   «Мектеп-бала-ата-ана»  қарым-қатынасы   ата-аналарға  көмек көрсету мақсатында  өткізіліп  отырды және оң нәтижесін берді. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына  қыркүйек  айында сынып жетекшілермен бірлесе отырып, педагогикалық диагностика карта   жүргізілді.

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағытында ұжым алдында үлкен міндет –оқушыларды  құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін және жауапты тұлғаны , мәдениет адамын тәрбиелеу  тұр. Осы арқылы  оқушы бойына патриоттық  сезімді, құқықтық және азаматтық сана-сезім, зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу, еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет сезімін; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципін қалыптастырады. Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында Отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отаншылдық сезім - ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік, қасиетті ұғым.

Мақсаты: Оқушыларға  моральдық және адамгершілік принциптер мен қылмыстық іс-әрекетті, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қасиеттерін қалыптастыру;

-адамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің қоғам үшін зиян екенін түсіндіру.

2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысының бұл бағытын орындау аясында ұжымның және сынып жетекшілердің алдында жас ұрпақтың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету және ұлттық сана -сезімде парасатты, жан-жақты мәдениетті, өзін көрсете білу үшін білімді, әлеуметтік жеке тұлға тәрбиелеу міндеті тұр.Оқушылармен жыл бойына сыныпта, мектепішілік, аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу, өз үлесін қосу Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген құрметті қалыптастырады, ел  тарихын білуге деген қызығушылығын оятады. Мектептің оқушылары  ел Тәуелсізідігінің 30 жылдығына арналған  аудандық, қалалық шығармалар, эсселер байқауына қатысты. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндік өткізілді. 7 мамыр - Отан  қорғаушылар күні», «9 мамыр - Жеңіс күнінде » соғыс және тыл ардагерлерін құттықтау және т.б.

        

Қазақстан Республикасы  мемлекеттік рәміздерінің   30 жылдығы қарсаңында 1-11 сынып оқушыларымен  ашық сынып сағаттары, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері тарихын білесің бе?»дөңгелек үстел, викториналық сұрақтар. өткізілді.4 маусым күні мектеп ұстаздары,  оқушылары республикалық Гимн айту акциясына белсене қатысты.

 Өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатында «Адал ұрпақ» клубымен «Алматы-адалдық  алаңы» жобасының  аясында «Сыбайлас жемқорлыққа  іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың  ролі» атты бірыңғай сағат өткізді. «Жемқорлыққа жол жоқ!»сынып сағаты, ««Адалдық – адамгершіліктің биік шыңы»» дөңгелек үстел өтілді. -Қайырымдылық акциясы.

        

- «Менің Отаныма –менің бастамам»  жобалары бойынша 7,9 сынып оқушылары республика деңгейінде ІІ орын,қала деңгейінде І орын иеленді,

 «Қазақстанның экологиясы» жобасы 7 сынып оқушылары  қала деңгейінде І орын иеленді.

Шығармашылық жұмыстар ( суреттер конкурсына қатысу, шығарма, эссе жазу )  Менің елім-Қазақстан' атты аудандық суреттер көрмесіне ұсынылған 8-9 сынып оқушыларының үздік шығармалары,   9 "Ә" сынып оқушысы Бекбосынова Ақжан, 8"А" сынып оқушысы Темір Әмина-ІІ дәрежелі диплом.;

- республикалық "Алтын күз-2021" суреттер байқауының ІІ дәрежелідипломы;

-патриоттықжәне азаматтықбағыттағы  аудандық, қалалық жобаларға қатысу;

-соғыс және тыл ардагерлерін  «Жас Ұлан»  ұйымы мүшелерінің құттықтауы

   

 Құқықтық тәрбие  бағыты бойынша

«Мектептегі тәрбие жұмысының ең негізгі бағыты жасөспірімдермен жүргізілетін құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары,оқушыларды  құқықтық сауаттылыққа үйрету. Жалпы  құқықтық білім беру Қазақстан Республикасы Президентінің №2147 қаулысымен 1995 жылдан жүзеге асып келеді.Негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру,өз  елінің заңын білу болып табылады.  Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруде  мектепішілік қылмыстың, тәртіп бұзушылықтың алдын алу штабымен, Бостандық АІІБ ЮПБ ЖПҚ-н, нарколог дәрігермен  бірлесе жұмыс істейді.     Мектепте жалпы   құқықтық  білім беру бағдарламасы   үш  бағытта  педагогтар, ата-аналар, оқушылар арасында  жоспарлы негізгі тақырыптар бойынша айына 1рет өткізіледі.

 «Заңды  білу-  заман  талабы» әңгіме;

 «Баланың  құқықтары және  Заң» т анымдық ойын;

« Кәмелетке  толмағандармен  жеке  еңбек  шартын жасау  тәртібі» дөңгелекanaliz-po-vr-2022-goda.pdf [1,11 Mb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: analiz-po-vr-2022-goda.pdf  

«Тұлғаға  қарсы қылмыстар» лекция;

«Спорт – есірткіге қарсы» спорттық сайыстар өткізілді.

 Мектеп әкімшілігі, педагог-психолог  оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық ІІБ-н бірлескен «Заңды білу-заман талабы», «Жасөспірімдер арасында  құқықбұзушылықтың алдын алу»,  «ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бап, 194 бап» т.б  тақырыбымен әңгімелер жоспарға сай  мектеп инспекторы А.Жандарбеков, 8-11 сынып жетекшілері бірлесе өткізді. Каникул кезінде  «Түнгі қавладағы балалар», «Кешқұрым» рейдтері  ұйымдастырылды .

               

Рейд қорытындысында  ата-анасының қадағалауынсыз жүрген оқушылар тіркелегн жоқ.2021-2022 оқу жылыбойынша АПБ ЮПБ есебінде оқушы тұрмайды.. Құқықтық жалпыға  бірдей құқықтық білім беру бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптар, орта буын және жоғары буын оқушыларын арналған  9 сағаттық жоспар құрылып бекітіліп кесте бойынша құқықтық оқыту жұмыстары мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен  айына бір рет жүргізілді.

. Мектеп әкімшілігінен   ДТЖО Б.Ибраимнің  қатысуымен  «Өз құқығыңды білесің бе?», «Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері», «Құқықтық сауаттылық –заман талабы», т.б. тақырыптарында мектеп инспекторы А.Жандарбековпен 5-11 сынып оқушыларымен  лекция өткізілді. Сәуір  айында «Ерте жыныстық қатынасқа түсу, ерте жүкті болудың зияны» тақырыбымен  қалалық №17 қалалық емханана дәрігерлері қатысуымен 7-11 сынып қыздарынажәне ұлдарына   лекция оқыды, видеофильмдер көрсетілді.  Ата-аналардың жалпы  жиналысында  «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде», «Діни экстремистік жағдайдың алдын алу», «Зиянды әдеттерден аулақ болу» мәселелері қаралды. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін, сауаттылығын қалыптастыруда   құқықбұзушылықтың алдын алуда сынып жетекшілер мен мектеп инспекторымен, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау жалғастырылады.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты  бойынша
Мақсаты:  оқушы бойына  рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын  қалыптастыру. адамгершілік келбеті,  құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастыруда аға ұрпақтың өмірі мен өнегесін ұлықтау

Міндеттері: Айнала қоршаған табиғатқа, еңбекке , өнерге  деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,әдебиетке, өнерге  құрметін арттыру.

Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер (Ыбырай Алтынсарин). Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді.Жыл бойына  «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Адамдарға қуаныш сыйла», «Алтын жүрек»  қайырымдылық акцияларына  «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері  белсене қатысты.

             

Аудандық , қалалық  әртүрлі  байқаулардан   оқушылардың  үздік жұмыстары  жүлделі орындарға ие болды.

      

 

Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау мақсатында мектеп  мұғалімдері мен оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасына қатысты. Мектепте «Өзің оқы,өзгеге қалдыр» бұрыштары әр сыныпта ұйымдастырылды.Әрбір сыныпта сынып сағатында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа үздік балалар әдебиеті таныстырылды. Оқушылар  өздері оқыған кітаптары бойынша мектеп схнасында  драмалық қойылымдар көрсетті.

  

  Отбасылық тәрбие бағыты бойынша
Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

Отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында  республикалық деңгейдегі  «Парасатты отбасы »  аудандық кезеңіне  2 «а» сынып оқушысы Ерланұлы Тамерлан қатысты.Оқушының отбасы тәрбиесі туралы  түсірген видеосы  қалалық әдістемелік орталыққа жіберілді.Отбасы -мемлекеттің алтын діңгегі, отбасының ролін көтеру мақсатында қыркүйек айында   «Мерейлі отбасы» тақырыбымен  1-11сынып  ата-аналары арасында  қашықтан Бірыңғай ата-аналар жиналысы  өткізілді. «Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға отбасылық қарым-қатынастың маңыздылығы туралы түсінік берілді. «Отбасылық тәрбие мектебі» Алматы қаласының мақсатты жобасы ,«Мектеп-Ата-Ана-Оқушы» триадасы  негізінде  «Отбасылық дәстүр», «Отбасындағы ұлттық тәрбие» тақырыптарында ата-аналар мектеппен бірлесіп,бейнеролик,бейнефрагменттер әзірледі.Бейнероликте отбасылық дәстүр,баланы тәрбиелеудің нақты әдіс-тәсілдері көрсетілді. 9 «ә» сыныбының ата-анасы  «Біз- әртүрліміз, бірақ біз -бірдейміз» тақырыбында  балаларға толерантты  қарым-қатынасты тәрбиелеудің ерекшеліктерін көрсетіп баяндама жасады..

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша

Құқықбұзушылықтың  алдын алу  шараларын  жүргізуде оқушылар  арасында  салауатты  өмір  салтын  насихаттау  маңызды  роль атақарады. Жастарға  спортпен  шұғылдану арқылы өз  денсаулығына және  қоршаған  ортаға  жауапкершілікпен  қарауға  тәрбиелеу негізінде «Спорт-сен өмірсің!», «Ал, қанеки, ұлдар!», «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» аты волейбол, баскетболдан жарыстар өткізілді және спорттық-эстафеталық сайыстар ұйымдастырылды.Салауатты өмір салтын насихаттау барысында кәмелетке  толмаған жасөспірімдерді зиянды әдеттерден нашақорлықтан, ішімдіктен, шылым шегуден қорғау басты міндетіміз..Мектеп бойынша  2021-2022 оқу жылына   жалпымектепішілік наркотірек жұмысы ның жоспары бекітілген. Мұғалімдерге арналған жалпы құқықтық   білім беру бағдарламасы  9 сағатқа  бекітілген,айына тақырып бойынша 1 рет өткізілді.Құқықбұзушылықтың алдын алуда Бостандық АПБ ЖПҚБ ЮПБ бірлескен жұмыс жоспары бар .Мектеп инспекторы Жандарбеков  А.Б.  сынып жетекшілерімен бірлесе   7-11  сынып оқушыларына  «Нашақорлық – қоғам  дерті», «Психоактивті заттарды қолданудың зияны» тақырыбында  әңгімелер  өткізді.

  

Қазан айында  5-11 сынып  оқушыларының  ата-аналарына  жиналыстар онлайн өткізілді. . Қазақстан Республикасы Кодексі «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы», 133 бап жөнінде  7-9 сынып ата-аналарына айтып ескертілді.Жиналыста салауатты өмір салтын сақтау мақсатында балаларды есірткіден, токсикоманиядан  сақтау туралы айтылып,слайдтар көрсетілді.

  

Мектеп бойынша 16.11.21ж «Темекісіз бір күн» халықаралық акциясы аясында 5-11 сынып оқушыларымен  «Вейп денсаулықты бұзады» тақырыбымен сынып сағатттары өткізілді. 9-10 сынып оқушыларымен «Электронды темекінің зияны» тақырыбында профилактикалық әңгіме жұмыстарын сынып жетекшілерімен, мектеп инспекторы А.Б.Жандарбеков  және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Б.С.Ибраимның  қатысуымен  10 «а;ә» сынып оқушыларымен  өткізді. Әңгімелесу барысында оқушылар Әкімшілік жауакершілік және Қылмыстық кодекспен танысты.          

 Психикалық активті заттардың темекі, кальян, электронды сигереттердің адам денсаулығына өте зиян, қауіпті екені айтылды. 10 «а,ә» сынып оқушылары «Вейп: денсаулықты бұзады» атты видеоролик түсірді.Қараша айында наркотірек жетекшісі Сейіткерім А.Н.  «Психоактивті заттардың қауіптілігінің  алдын алу» бойынша  7-11 сынып оқушыларымен әңгімелер жүргізді және видеофильм көрсетті. Мектеп педагог- психологі Даукешова М.Б « Нашақорлық- қазіргі қоғамның дерті, оны қолданудың зардаптары» тақырыбымен  9-11 сынып оқушыларына  сауалнама жүргізді және тренинг өткізді.Қараша айында дене шынықтыру мұғалімдері 5-6 сынып оқушыларымен  «Салауатты өмір салтын сақтау» айлығында  «Біз спортпен біргеміз» атты спорттық-эстафеталық ойындар өткізді.                         

            

 7-9 сынып жетекшілері оқушыларымен  «Нашақорлықсыз әлем»,  «Вейптің денсаулыққа әсері» тақырыбында  топтық сайыстар өткізді.ЖИТС-ң,есірткінің алдын алу » тақырыбымен   6-11 сыныптарда сауалнамалар алынды, мониторингі шығарылды, шығарма жазылды. Мектебімізде оқушылардың  бос  уақытын  қамтуға  байланысты волейбол, баскетбол спорттық секциялары жұмыс  істейді.

« Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында мектепте жыл бойына  оқушылармен жүргізілетін  дәстүрлі мектеп мерекелерік іс-шаралары:

Қыркүйек –Білім күні,Отбасы күні, Тілдер мерекесі,  «Абайлаңыз, балалар!» айлығы;

Қазан айы -Ұстаздар күні, Қарттарды құрметтеу күні;

Қараша айы-  Ұлттық валюта күні,

Желтоқсан айы -ҚР Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, халықаралық ЖИТС-ке қарсы күн;

Қаңтар айы -Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов -150 жаста;

Ақпан айы- Салауатты өмір салтын сақтау;

Наурыз айы – Әлемдегі  ең керемет мерекелерді атап өту;

 Сәуір айы -ғылым және ғарыш айы;

Мамыр айы- халықтар бірлігі күні,Отан қорғаушылар  және Жеңіс күні;

Маусым айы-балаларды қорғау күні, мемлекеттік рәміздер күні.

Дәстүрлі мерекелік іс-шаралардыөткізудің мақсаты: аталған мерекелерге өзіңнің құрметіңді көрсету және қолдау.

Міндеттері:

1.Өзіңді дамыту, шыңдау және өнерге баулу;

  1. Оқушының жеке қабілетін қалыптастыру.

 

Жоғарыда  аталған  тәрбие жұмыстарының есебін қорытындылай  келе,  2022-2023  оқу жылына  ұжыммен бірге мынандай міндеттер  белгіленеді:

-Құқықбұзушылықтың алдын алуда жұмыстарды  кеңінен жалғастыру;

-Ата-аналармен «Отбасылық  тәрбие мектебі» Алматының  мақсатты жобасы бойынша жұмыстар жүргізу;

-«Оқуға құштар мектеп»республикалық жоба жұмыстарына қатысу, мектепте ұйымдастыру;

-Қамқоршылық кеңес мүшелерімен тығыз байланыста болу;

- «Ата-ана-мектеп-оқушы» триадасы  ынтымағын нығайту;

-«Адал ұрпақ», «Ұшқыр ой» алаңы» дебат клубы жұмыстарын оқушылармен белсенді ұйымдастыру.