Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-07-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 269-72-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2024

Білім алушыларды аралық аттестаттау

 Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) жыл аяқталған кезде сыныптарға «Қазақ тілі» пәндері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда емтихан өткізіледі.
ЕСКЕРТУ:
1. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай мұғалімдер тарапынан жасалуы керек.
2. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда мүмкіндігінше төрт дағды қамтылғаны дұрыс.
3. Емтихан сұрақтарын емтихан алушы педагог құрастырады.
4. Пән мұғалімі емтиханды төртінші тоқсанның соңғы сабағында бақылау жұмысы форматында өткізеді.